|
11.11.2016 | 12:22
2672

2018 жылдан бастап педофилдерге химиялық кастрация қолданылмақ

2018 жылдан бастап педофилдерге химиялық кастрация қолданылмақ


2018 жылдан бастап педофилдерге химиялық кастрация қолданылатын болды. Арсыз тірлігі дәлелденіп, әшкере болған қылмыскерге дәрі-дәрмек екпесі міндетті түрде салынады. Сондай-ақ сәбилер-жасөспірімдермен өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айрылады. Бас прокуратура «Балаларды бірігіп қорғайық» атты алқа отырысында осылай деп мәлімдеді. Қоғамның індетіне айналған бұл қылмыс түрімен күресте арнайы бейәдеп сайттар ашылатын болды. Былайша айтқанда қақпан сайттар. Құзырлылар күнделікті бұл сайтқа кіріп, кішкентай балаларға қатысты роликті қараған адамдарды жіті бақылап, тіркеп отыратын болады. Кейіннен екі апта ішінде үзбей қараған адам, Прокуратураның қырағы көзіне түседі. Бірден құрықталады. Айта кетейік, Норвегия осы тәжірибе арқылы небәрі екі аптаның ішінде 5 мың қылмыскерді қолға түсірген.

«Бүгінде елімізде балаларды зорлаған 1129 педофил түрмеде отыр. Олар ерте ме, кеш пе әйтеуір бостандыққа шығады. Бірақ олармен қандай да болмасын түсіндіру, ой салу сияқты алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Осы адамдарға қатысты нәпсіқұмарлық ауытқушылықтарын анықтау бойынша арнайы психиатриялық зерттеу жүргізілуі керек», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей КРАВЧЕНКО.

Жақып Асанов зорлық-зомбылыққа қатысты істерді әйел прокурорлардың жүргізгендігін құп көреді. Себебі өңірлердегі балаларға қатысты былықтың басым бөлігін, тәртіп сақшылары жасырып қалады. Оң нәтиже көрсетемін деп жарысады. Прокурорлар көбіне осы себептен де, педофилдермен күресте кешеуілдеп жатады. Ал, әйел прокурорлар мәселенің мән-жайын терең зерттей отырып, шалғай аймақтарға шығып тексереді. Бастарына қара бұлт үйірілген ата-ана да әйел прокурорға сырларын оңай ашады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир