Түрксіб ауданындағы Жасқанат ықшам ауданынан 532 пәтер берілмек

Түрксіб ауданындағы Жасқанат ықшам ауданынан 532 пәтер берілмек
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Пәтер кезегінде тұрғандардың назарына. Алматы қаласында қарашаның 14-і мен 18-і аралығында жаңа баспана үшін құжат қабылданады. Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы Түрксіб ауданындағы Жасқанат ықшам ауданынан 532 пәтер берілмек. Оның 244-і бір бөлмелі, 135-і екі және 153-і үш бөлмелі пәтерлер. Шараға пәтер кезегінде тұрған, белгілі бір жеңілдігі бар отбасылар қатыса алады - дейді тұрғын үй басқармасының маманы. Үй кезегіне тұру egov.kz порталы арқылы электронды қолтаңбаның көмегімен жүзеге асырылады. Ол үшін тұрғын үй кезегінде тұрғаны туралы анықтама, жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі, неке туралы куәлік, мемлекеттік қызметкерлер үшін жұмыс орнынан анықтама және басында баспана жоқ деген анықтама керек.

«Көп балалы отбасылар, жалғызбасты тұрғандар, жетім балалар, сонымен қатар, толық емес отбасылар. Яғни, ажырасқан, жалғыз бала тәрбиелеп отырған кісілер. Зейнеткерлер, ҰОС қатысқандар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған кісілер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджет саласында қызмет ететіндер, әскери қызметкерлер осындай санатта тұрған кісілер қатысуға болады», - деді Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы бөлімінің бас маманы Әзірет ЕСЕЕВ.

Новости партнеров