Елімізде алғаш рет әскерилердің балалары арнайы лагерьде тыныстап қайтты

08.08.2017 17:31

Елімізде алғаш рет әскерилердің балалары арнайы лагерьге барып, тыныстап қайтты. «Жас сарбаз» демалыс аймағына 300-ден аса жеткіншекке жолдама берілген. Онда еліміздің әр өңірінен келген балалар түрлі ойындарға қатысып, спорт саңлақтарымен жүздескен екен. Бастамашылар жазғы лагерьді келесі жылы да ұйымдастурды жоспарлап отыр.

«Әскери қалашықтардан келді, Аягөз, Үшарал, Отар, Шымкент, Тараз горнизондарынан, көптеген горнизондардан келді. Әскери қызметшілердің балаларын жаздық каникулдарын осындай іс-шаралармен ұйымдастырып, бұл балаларды әскерге дайындау мақсатымыз», - деді Қазақстан Республикасы Спорт комитетінің төрағасы Расул МЕЙІРМАНОВ.