Қазақстанда туберкулезбен ауыратындар саны азайды

09.02.2018 22:16

Елімізде туберкулезге шалдыққандардың 87 пайызы толығымен айыққан. Бұл дерт бойынша Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайда тұрақты. Дәрігерлердің келтірген деректері бойынша, соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу жағдайы екі жарым есе төмендесе, 2017 жылы 100 мың халыққа шаққанда 52 адамды құраған. 10 жыл бұрын бұл көрсеткіш 126 болатын. Өлім-жітім жағдайы да 6 есеге төмендепті. Сала мамандарының айтуынша, Қазақстанда ауруды ауыздықтау бойынша мемлекеттік шаралар өз нәтижесін беруде.

«Скринингтік тексерулердің арқасында, туберкулезге шалдығу жағдайының 70 пайыздан астамы аурудың ерте кезеңінен анықталады. Елімізде туберкулезге тексеру мен оны емдеудің барлық инновациялық әдістері еңгізілген. Емдеу жоспары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сай келеді. Бүгінде Қазақстанда туберкулезге шалдыққан науқастардың 87 пайызы айығып кеткен»,-деді ҚР ДСМ ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік ӘДЕНОВ.