Тегін оқуға түсе алмағандар несиеге оқи алады

Тегін оқуға түсе алмағандар несиеге оқи алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тегін оқуға түсе алмағандар несиеге оқи алады. Ол үшін түлектің 50 балл жинағаны жеткілікті. Әйтсе де, екінші деңгейлі банктердің  пайыздық үстемесін түсіргені жөн, дейді экономистер. Бұған жастар жағы қалай қарайды?

Биыл министрліктің біріңғай базасының шатасқаны бар, ведостваның бірнеше рет өзгерістер енгізгені бар, қысқасы түлектер әлі де ес жиып үлгермей жатыр. Гранттан қағылған оқушының бірі- Денис Костюков. Қаржы жағынан қиындық көріп отырған отбасы, енді балаларын несиеге оқытуға бел шешіп отыр. Әйтсе де, үміттері - үлгерімі өте жақсы болып, тым құрығында ректорлық грантқа ілігу.

«Мен қазірдің өзінде үздіктер қатарына болуды көздеп отырмын. Өйткені, жылына 885 мың теңге несие алу оңай емес. Сондықтан кілең бестік көсеткіш көрсетіп,  кейін гранттар қатарына ауыссам деген тілек бар», -деді  талапкер Денис КОСТЮКОВ.

Екінші деңгейлі банктер бұл бастаманы қос қолдап отыр. 10 пайыздық үстемемен басталатын несиені еліміздің кез келген талапкері қаржы ала алады. Тек оқуды тәмамдағаннан соң азаматқа алты ай уақыт беріледі. Сол аралықта ол жұмыс тауып, берешегін пайызымен қосып қайтаруы тиіс.

«Барлық несиеге мемлекет кепілдеме береді. Яғни, несие алу кезінде талапкерден кепілдеме қажет емес. Несие 150 мыңнан бастап 3 миллион теңгеге дейін беріледі», - деді екінші деңгейлі банк басшысының орынбасары Қанат МУСИН.

Экономистер банктердің үстемені асырмай, мейлінше төмендеткені түлектерге таптырмас көмек болар еді дегенді алға тартады. Әйтсе де, несие алып, той жасайтын қазаққа бұл тәсіл әлдеқайда тиімді көрінеді.

«Несиені рәсімдеу барысында 1-1,5 пайыз қосымша ұсталынады. Демек, 12-13 пайыз аталу көрсеткіш.  Жылдық тиімдік көрсеткіші ол 23 пайыз. Біздегі тұтынушылық несиенің бір түрі болып тұр ғой, ол 26 пайыздан-56 пайызға дейін. Олармен салыстырғанда төменірек, бірақ, дегенменде аз емес», - деді экономист Мақсат ХАЛЫҚ.

Естеріңізде болса, биыл министрлік тарапы білім гранттарын екі рет жариялаған еді. Соңғысында, қосымша 1487 орын бөлінді. 52 ұпаймен «Алтын белгіліктердің» де тегін оқуға түсіп кеткені тағы бар. Биылғы осындай жаңашылдық министрлікті әбден әбігерге салып, салмақты ойландырса керек.  Өйткені, келесі жылдан бастап,  гранттарды  ҰБТ қорытындысы мен жеңілдіктер бойынша ғана бөлу жоспарланып отыр. Ал «Алтын белгі» иегерлері екі рет мықтылықтарын дәлелдеуге тура келеді.

Әйкерім Ердәулетқызы, Әрсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров