Астана маңында 6 жасар қызды зорламақ болған ер адамға қатысты сот үкім кесті

Астана маңында 6 жасар қызды зорламақ болған ер адамға қатысты сот үкім кесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана маңында 6 жасар қыз баланы зорламақ болған ер адамға қатысты сот үкім кесті. Ағымдағы жылдың мамыр айында елді шулатқан видео кейіпкері енді 15 жыл бойы темір торда отырады. Сонымен қатар, оған педагогикалық немесе кәмелетке толмағандармен байланысты қызметке келуге өмір бойына шектеу қойылды. Дегенмен, қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталған Рамай Хафизов  сот шешімімен келіспейтінін және аппеляциялық шағым түсіруге ниетті екенін мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейін, осыдан үш ай бұрын әлеуметтік желілерде бір топ адамның жартылай жалаңаш ер адамды соққыға жығып жатқаны таспаға түсіп, ғаламторға тараған еді.  Астана түбінде сәбиді зорламақ болған 48 жастағы Хафизовты бір топ құрылысшы полицейлерге ұстап берген болатын. Белгілі болғаны - сотталушы Ақмола облысында тракторшы болып жұмыс істеген екен.  


Новости партнеров