Алматы мемлекеттік сатып алулардан 311 млн теңге үнемдеді

Алматы мемлекеттік сатып алулардан 311 млн теңге үнемдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел экономикасының көрсеткіштері жоспарға сай өсуде. 11 айдың ішінде 6 негізгі бағыт бойынша экономика 4 пайызға ілгерілеген. Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов премьер-министрге саладағы негізгі көрсеткіштер бойынша есеп берді. Негізгі бағыттар бойынша ел қазынасына 520 миллиард теңге түссе, бұл 2015 жылғы сандардан едәуір жоғары. Дегенмен, Бақытжан Сағынтаев бұл межені қамтамасыз ету керектігін баса айтты. 

«Құрметті әріптестер баяндамалардан көріп отырғанымыздай 11 айдың қорытыныдысы жаман емес. Жоғарғы көрсеткіштермен келе жатырмыз. Жылды осындай деңгеймен айқтауға мүмкіндік бар. Дегенменде, Елбасының тапсырмасын білесіздер 4 пайыз қалған уақыттың ішінде осы өсімді қамтамасыз ету үшін, бар күшімізді салуымыз қажет. Уақыт аз қалды. Дегенмен баяндамалардан көріп отырғандай мүмкіндіктердің бәрі бар», - деді ҚР премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Бөлінген қаржыны әр министрлік 90 пайыз шамасында игерген. Ал өңірлер бойынша көш басында Алматы мен Астана қалалары тұр. Оңтүстік Астана бюджетті 98,5 пайыз игеріпті. Бөлінген 1 жарым миллиардтың 1 млрд 200 миллионы  жұмсалған. Жыл соңына дейін толық игеруді жоспарлап отыр. Алматы қаласының жергілікті бюджеті бойынша, 2 пайызға жуық қаражат жыл соңына дейін игерілсе, мемлекеттік сатып алулардан 311 миллион теңге үнемделіпті. Жиын қорытындысы бойынша премьер-министр өңір басшыларына нақты тапсырма беріп, орынбасары Ерболат Досаевқа осы процесті қадағалауға алуды міндеттеді.

Новости партнеров