Биыл бір жасқа дейінгі сәбилер өлімі артқан

Биыл бір жасқа дейінгі сәбилер өлімі артқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2018 жылғы жарты жылда елімізде 1 жасқа дейінгі 1 626 сәби өлімі тіркелген. Бұл 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,3%-ға көп.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2018 жылғы қаңтар-маусымдағы Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы жайлы мәліметінде осындай дерек келтірді, деп хабарлайды Baq.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, 2018 жылғы 1 шілдеде еліміздегі халық саны 18 272,4 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар – 10 529,1 мың (57,6%), ауылдықтар – 7 743,3 мың адамға (42,4%) жетті. 2017 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,1 мың адамға немесе 1,3% өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы жарты жылда туған сәбилер саны 192,7 мыңды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,8% көп. Жалпы, туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 21,26 сәбиді құрады.

«Биылғы жарты жылда республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 3,3 мың адамға немесе 2,7% көбейіп,125,9 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,89 адамды құрады», – деп хабарлады комитет.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 66,8 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 0,1% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,37 қайтыс болғандарды құрады.

«2018 жылғы қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейінгі 1 626 сәби өлімі тіркелді. 2017 жылғы жартыжылдықпен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәрестелер саны 1,3 пайызға көбейді. Сәби өлім-жітімінің негізгі себебі – перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтар-маусымда 782 нәресте қайтыс болып, сәби арасындағы жалпы өлім санының 48,1%-ын құрады. Туа біткен ауытқулардан 328 немесе 20,2%, тыныс органдары ауруларынан – 124 немесе 7,6%, инфекциялық пен паразитарлы аурулардан – 86 нәресте немесе 5,3% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 73 немесе 4,5% нәресте қайтыс болды. Биылғы жарты жылда нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туған сәбиге шаққанда 8,44 құрады», – деп мәлімдеді Статистка комитеті.


Новости партнеров