Теңгені тұрақтандырудың бір жолы – экспорт тауарларды көбейту – сарапшы

Теңгені тұрақтандырудың бір жолы – экспорт тауарларды көбейту – сарапшы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Біраздан бері күн құрғатпай құнсызданып келе жатқан төл теңгенің тағдырына экономистер әр түрлі болжам жасап отыр. Бұған әсер еткен негізгі факторлар қандай? Алдағы уақытта қандай өзгерістер орын алуы мүмкін?

Осы және өзге де сауалдардың жауабын білу мақсатында экономикалық сарапшы Тоқтамыс Нүсіпқұлұлы Меңдебаевпен әңгімелескен едік.

– Тоқтамыс Нүсіпқұлұлы, соңғы аптада доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. Бүгін бірақ ұлттық валюта қайта тұрақтанды? Көк қағаз құнының тербелуіне не түрткі болды?  

– Ұлттық теңгемізің АҚШ долларына соңғы бір-екі айда АҚШ долларына байланысты құнсыздануына, доллардың бағасының өсуіне АҚШ-тың Ресейге жариялаған санкциясының әсері болып жатыр. Санкция жариялаған кезде теңге күрт өсіп кетті де, енді қазір тұрақталды деуге болады. Тек санкциялар 22 тамызда күшіне енер болса, ары қарай теңгенің Америка долларына шаққандағы құны қаншалықты құлдырайтынын дөп басып ешкім айта алмайды. Бұл біздің Қазақстан экономикасының Ресеймен бірге бір экономикалық кеңістікте болуымен тікелей байланысты деп санаймын.

– Қазіргі таңда Ұлттық банк тарабы АҚШ валютасына айтарлықтай көп сұраныс артпағанын алға тартады. Осы ретте, теңгенің басымдылығы қандай? Жұрт өз жиған тергенін долларға ауыстыруға асықпай ма?  

– Тап бүгін жұрт жаппай теңгені АҚШ долларына немесе еуроға ауыстырып жатқаны шынында да байқалмайды. Бұл біздің халықтың теңгеге деген сенімін жоғалтпағанын көрсетеді. Біздің ел де болсын, Ресей  де болсын, жұрт қазір әліптің артын бағып отыр.

– Қысқа мерізімді болжам келтіре аласыз ба? Жыл соңына дейін айырбастау пункттері мен Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көрсеткіші қандай болуы ықтимал сіздің ше?

– Жаңа айтып өткенімдей, ұлттық теңгеміз АҚШ долларына байланысты тек құнсызданып келе жатыр. Бұл үрдіс ары қарай жалғаса береді деп ойлаймын. Өйткені, бізде теңгенің құнын күр арттырып, АҚШ долларының құнын төмендету үшін ұлттық ғылыми жетістіктерге байланысты үлкен экономикалық өгерістер енгізу керек. Шығатын заттарымыздың бағасын жоғарылату, өзіндік құнын төмендету. Сондай-ақ, бізде экспорт пен импорттың арақатынасы үлкен. Сырттан көп зат келеді, біз оны долларға сатып аламыз. Ал өзіміз экспортқа аз шығарамыз. Сонықтан осы экспорт пен импорттың арасын жақындатып, өзімізден сыртқа шығарылатын тауарларды, бұйымдарды көбейту керек. Тек сонда ғана теңгені тұрақтандыруға болады.

– Маңызды мағлұматыңызға рахмет, Тоқтамыс Нүсіпқұлұлы! 


Әйкерім Ердәулетқызы, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров