Елімізде заңсыз аудиторлық тексерулерге тосқауыл қойылмақ

Елімізде заңсыз аудиторлық тексерулерге тосқауыл қойылмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құрылыс саласында мемлекеттік сатып алуларға қатысу жеңілдейді. Қаржы Министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді. Сонымен қатар, заңсыз аудиторлық тексерулерге тосқауыл қойылады. Әрі осы саланы жетілдіру мақсатында біраз өзгерістер енбек. Ұсынылып отырған жаңашылдықтың барлығы жемқорлықпен күресуге бағытталған. Елордалық әріптесім Назым Мәлікқызы толығырақ тарқатуға дайын. Сөз кезегін берсек. Қайырлы кеш Назым! Бүгінгі отырыс барысы әдеттегіден қызу өткен сынды. Құрылыс саласында қандай жаңалықтар күтіп тұр?

Қайырлы кеш Нұрсұлтан! Мәжіліс қабырғасында қозғалған мәселе аз болмады. Барлығына ретімен тоқталсам. Алдымен құрылыс саласындағы түйіткілге тоқталар болсақ Қаржы Министрі мемлекеттік сатып алуға қатысатын заңды тұлғалардан талап етілетін ретсіз құжаттар қысқартуды ұсынды. Себебі, жобалау-сметалық құжатнаманы ұсыну кезінде біраз компания өтпей қалады екен. Бұл жемқорлықтың бойлауына жол ашып отыр.

«Мәселен, конкурстық құжатнамалар бойынша үлкен көлемдегі растайтын құжаттарды ұсынуды қажет етеді және ескірген техниканы қамтыған. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында министірлік құрылыс саласында сатып алулар бойынша әлеуетті жеткізушілерге талаптарды жеңілдету тұрғысында тиісті жұмыстарды бастап кетті. Сәйкес түзетулер заң жобасына енгізілді. Жақын арада оны Сіздердің талқылауларыңызға ұсынбақпыз», - деді ҚР Қаржы министрі Бақыт СҰЛТАНОВ.

- Назым, заңсыз аудиторлық тексеру жағдайы тілге тиек етіліпті. Депутаттар не деді? ¤

Иә, аудит саласындағы олқылықтар, отырыстағы көпшілік назарынан тыс қалмады. Бұл салада да жемқорлық терең бойлаған сыңайлы. Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсованың да аталмыш сала мамандарының қызметіне көңілі толмады. Сөзінше, аудиторлық тексерістер екі есеге көбейген.¤

«2017 жылы тексерулер екі есеге өсті. Дегенмен, жүзеге асқан заң жобасы жақсы нәтижелерді беріп келеді. Бірақ, теріс әсері де жоқ емес. Санға көз жүгіртсек, жұмыс жүйелі атқарылып отырған жоқ», - деді ҚР мәжілісінің депутаты Гүлжан ҚАРАҒҰСОВА.

Десе де, аудиторлық тексерудің екі есеге көбейгенімен Қаржы Министрі келіспеді. Сөзіне қарағанда, 2016 жылы Ішкі қаржылық аудит комитетінің  тексеру саны 10 есеге, 2017 жылы 18 есеге төмендеген. Бірақ, олқылықтарды да жасырмады. Дүниежүзілік экономикалық форумда Қазақстанның ғаламдық индекс көрсеткіші айтарлықтай төмендеген. Оған соңғы кездері жемқорлықпен қолға түскен шенеуніктер мен қатар, аудит мамандарының ұсталуы әсер еткен.

«Нәтижеге көз жүгіртсек, аудиторлар көбіне жеке мәселелерге көңіл бөледі. Әрі, тексерулері де үстіртін. Құжаттардағы олқылықтар, анықталған заңбұзышулықтарға қажетті деңгейде баға беруге мүкіндік бермейді. Сонымен қатар, аталмыш сала мамандары көбіне өздеріне тиесілі емес жұмыстармен де айналысады. Болмаса керісінше, аудит кезінде талапқа сай қызмет атқармайды», - деді ҚР Қаржы министрі.

Ал, Ұлттық валютаның жағдайы да тыс қалған жоқ. Теңге сырт ел аспауы тиіс. Оны Үкімет бақылауына алуы қажет дегендер де бар. Мендегі бар ақпар осы! Нұрсұлтан сөз кезегі өзіңде.

-       Рахмет! Астанадан байланысқа шыққан Назым Мәлікқызы болатын


Новости партнеров