Қостанай облысында мас әйел-жүргізуші науқас баланы апара жатқан жедел жәрдем көлігіне соғылған

Қостанай облысында мас әйел-жүргізуші науқас баланы апара жатқан жедел жәрдем көлігіне соғылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жол-көлік апаты «Рудный-Қостанай» тасжолында орын алды. Volkswagen Golf автокөлігін тізгіндеген әйел жүргізуші Қостанайға кетіп бара жатқан реанимобильмен соқтығысқан, деп хабарлайды alau.kz.

Қостанай ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Алмат Қарымсақов мәлімдегендей, жол-көлік апаты кезінде әйел жүргізуші алкогольді ішімдік ішіп, мас күйде болған.  

«Реанимобиль Жітіқарадан келе жатқан. Ол Қостанайға науқас баланы апара жатқан. Көлікте медицина қызметкерлерінен өзге, науқас қыздың әкесі де болған. Оқиға түскі сағат 16.00 шамасында, яғни күндіз, жап-жарық кезде орын алған. Қаратомар су қоймасы жағалауында орналасқан көптеген демалыс орындарына  апаратын жолдардың бірінен күтпеген жерден шыға келген көлік тасжолға қарай қойып кеткен. Қатты соққы салдарынан медициналық көлік аударылып кеткен. Қуанышқа орай, көлікте болғандардың бәрі дін аман, ешкім зардап шекпеген. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Алмат Қарымсақов.

Әйел адам автокөлік жүргізу құқығынан айрылды. Ол аса қатты мас емес, қызу болған.  

фото alau.kz


Новости партнеров