Қостанайда екі вагон рельстен шығып кетті

06.09.2018 18:26

Қостанай облысында вагондардың рельстен шығып кетуі салдарынан «Астана – Маңғыстау» жолаушылар пойызы кешіктірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы стансасында орын алды.  

«Бүгін сағат 06.45-те департаменттің кезекші бөліміне вагондардың рельстен шығып кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Қиыршақ тас тиелген 2 вагонның апатқа ұшырауына дөңгелектерінің істен шығуы себеп болған», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Аталмыш оқиға салдарынан № 37 «Астана-Маңғыстау» жолаушылар пойызы кідіріп қалды. Қазіргі уақытта Қазанбасы теміржол стансасының жұмысшылары жөндеу-қалпына келтіру шараларына жұмылдырылған.