|
23.01.2017 | 09:31
2734

Алматылықтар Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Алматылықтар Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Алматылықтар ұшақ апатынан зардап шеккен қырғыз ағайындарға гуманитарлық көмек көрсетті. Ал, Қырғызстан  билігі жермен жексен болған үйлердің орнына еске алу саябағын салмақ. Сонымен қатар, әуежаймен жапсарласа орналасқан елді мекеннің мүлдем басқа жерге  көшірілуі  де мүмкін. Естерін әлі жинай алмай жатқан қырғыз халқымен тілшіміз Әмірболат Құсайынұлы тілдесіп қайтты.

Апатқа ұшыраған алып лайнердің бөлшектері, өртенген үйлер мен шашылған заттар. Қолқаны қабатын күйік иіс. Бұл апат болған аумақтың үшінші күні, яғни қазіргі келбеті. 23 үй жермен жексен болса, тағы 27 тамның жартылай талқаны шыққан. Ұшақ құлаған аумақта қазір іздеу жұмыстары аяқталып, халықаралық авиация комитеті, Қырғызстанның ІІМ қызметкрелері мен осы елдің ТЖД мамандары бірлесе тергеу  жұмыстарын  істеп жатыр. ¤

5 гектар аумақ қоршауға алынған. Апат болғанға дейін астаң-кестеңі шығып жатқан жерде 130 адам өмір сүріпті. Әуе жүк кемесі ені 100, ұзындығы 750 метрлік аумақтың  тас  талқанын шығарған. Боингтің тек соңғы бөлігі мен моторы ғана жатыр. Ұшақ зауытының өкілдер мен туркиялық комиссия да жергілікті органдар өілдерімен бірге. Бірден 38 адамның өмірін санаулы секунттарда жалмаған жерге елдің әр өңірінен  тұрғындар толассыз келіп, құран оқып, көмеке беріп жатыр. 

«ТЖД 300, Милициядан 500, әлеуметтік көмеккөрсетуші 200 адам жұмыс істеп жатыр. Ауылда жалпы 435 отбасында 1438 адам өмір сүрген. Барлық қырғызстандықтан көмекке келді. Бішкектегі кафелер тамақ беру, ақшалай көмек беру әлі жалғасып жатыр. Барлық мемлекеттік қызметкерлер ел бойынша бір күнгі жалақысын аударды. Бір аптаның ішінде шығындарды есептеп бітіреміз. Қазірге дейін  8 миллион сом жиналды»,- деді Соқулуқ ауданының әкімі, Аманхан КЕНЖЕБАЕВ. ¤

Қаралы қазаға ұшыраған қырғыз ағайынның қайғысына қазақтарда қарап қала алмады. Бір жарым тәуліктің ішінде алматылықтардан үш көлікке сиятын  тауар жиналды. Жылы киім, азық-түлік, балаларға қажетті киімдер сынды сан түрлі заттарды жеткізіп берді. Тұл жетім қалып,  туысын паналаған тұрғындарды облыстан іздеп жүріп, қажетті заттарын қолдарына табыс етті. Баспанасыз қалған тұрғындардың бір бөлігі  қазір Бішкектегі қорғаныс министрлігінің қонақ үйіне орналастырылған. Психологиялық көмек көрсетілсе де әлі естерін толық жия алмаған адамдарға алматылықтардың да  аманаты табыс етілді.¤

«Ата-анасыз қалған балаларға алматылықтар арнайы  сыйлық көмегін берген еді. Оны адрестері бойынша апарды.Гуманитарлық көмектің негізгі бөлігін қала мэрінің көмекшісіне тапсырдық. Ол заттардың талан таражыға түспей, мұқтаж жандарға жеткіземіз деп мойындарына алды. Негізінен, тамақ, жаңа жылы киімдер, балаларға қажетті заттар, тіптен памперске дейін әкелдік. Бұған дейін ел билігі гуманитарлық көмек қажет емес, қабылдауды тоқтаттық деген еді. Бірақ, шындығында көмектің әліде көп қажет екенін естідік»,- деді "Мен Алматылықпын" қоғамдық ұйының  төрағасы, Константин АВЕРШИН.  

Қырғыздың ТЖД өкілдері екі тонна киім мен 12 тонна азық-түліктің жиналғанын жеткізді.  Еуропа елдері мен АҚШ, Ресейде  өмір сүретін қырғыздар шамаларынша ақша аударған. Алматылықтар жіберген гуманитарлық көмектің басым бөлігі Бішкек қаласы ТЖД қоймасына жеткізілді. 

«Бауырлас қазақ туысқандарымызға шоң алғыс айтамыз. Біз сіздерге әбден разымыз. Бұл қырсық бәрімізді шоғылтты. Қазақ біздің туған екенімізді азір білдіртті»,- деді Бішкек қаласы мэрі баспасөз қызметінің жетекшісі, Гуля АЛМАМБЕТОВА. ¤

Гонконгтан түркияға бет алып, Манаста тамтығы қалмаған ұшаққа электр шәйніктері мен ұялы телефон, ойыншықтар сынды тауарлар тиеліпті. Ауыл мен әуежайдың арасы небәрі 950 метр ғана болғандықтан қонуға бет алған ұшақтар өте төмен ұшады. Апаттан қорыққан тұрғындарға ауылға қайта бармаймыз деп отыр. Қоршалған 5 гектар аумақ алдағы уақытта еске алу бағына айналады. Ал қырғыз билігі зардап шеккен елді баспанамен қамтамасыз еткен соң, ауылды түгелдей көшіру туралы кеңес болып жатқанын да жеткізді.

 Әмірболат Құсайынұлы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы үшін Бішкектен



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир