Билік басындағылар халыққа тағы бір табан жақындай түспек. Нөмірі 2-ші қалалық емхананың жанында Медеу ауданы әкімінің көшпелі қабылдауы өтті. Оған 10-нан аса аудандық құрылымдар қатысты. Атап айтсақ, аудан прокуроры, жергілікті полиция, төтенше жағдайлар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалардың басшылары қалмай келді. Көшпелі қоғамдық қабылдауға өз басының емес, көптің мәселесін жеткізуге келгендер де болды. Бұрынғы «Малая станица» деп аталып кеткен аумақта тұратын Ольга Запорожец көшеде жарықтың жоқ екендігін айтты. Ол мәселесі енді аяқсыз қалмайтынын білгенде, шын қуанды. Өйткені, олардың жазбаған жері қалмапты.
«Медеу ауданында көп жылдан бері тұрамын. Біздің бір жылдан бергі қордаланған мәселеміз сол көшемізде жарық жоқ. Әкіммен бетбе-бет кездесіп, мәселемізді жеткіздім. Ол бір апта ішінде ықшам ауданға келіп, шешіп беруге уәде етті. Билік басындағыларды табанымыз таусылып, іздемей-ақ осылай халыққа жақын жүргені жақсы әрине»,- деді Қала тұрғыны, Ольга ЗАПОРОЖЕЦ.
Бұл осымен 3-ші рет өткізілген шара. «Көк базар» жанында 2 рет ұйымдастырылған қабылдау кезінде 100-ден аса тұрғынның уәжі тыңдалған. Көтерілген сұрақтардың 70% коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы болса, 30% әлеуметтік мәселелерге байланысты. Жалпы сұрақтардың 55 % түсіндіріліп, 45 % оң шешімін тапқан. Ауданда тағы мұндай 5 қабылдау өткізіледі деп жоспарлануда.
«20 адамның ішінде негізгі жарыққа, қаланың көшенің жарығына шағым. Аудандарда аулалардың жөнге келтіруі. Балалаларға арналған ойын алаңын салып беру өтініштері. Жол мәселесі. Соның бәрін түсіндіріп айттық. Біздің ауданда Жібек жолы мен Уәлиханова жасалатын болады. Биыл жылдың соңына дейін. Арықтарды ретке келтіріп жатырмыз. Жарық бойынша жалпы түсіндірдім. Реформа жүріп жатқанын. Мына модернизация жөнінде»,- деді Медеу ауданының әкімі, Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.