Қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар 30 жылдан аса зерттелген

Қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар 30 жылдан аса зерттелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қатерлі ісік ауруына қарсы отандық ғалымдар шығарған дәрі авторларының көбі бүгінде өмірден озған. Сондықтан оның ары қарай зерттеліп, қолданысқа енуіне осы жағдай себеп болды. Мамандар осындай пікір білдіруде. Клиникаға дейінгі сынақтарда өз тиімділігін көрсеткен дәрілерді ары қарай дамыту үшін ғалымдар не ұсынуда?

Қатерлі ісік ауруына қарсы «Альнусидин» және «Лейкоэфдин» препараттары 30 жылдан аса зерттелген. Оны шығаруға бірнеше ғалым ат салысыпты. альнусидин дәрісі жануарларда сыналыпты. Сынақта өз тиімділігін көрсетіп, болашақта көп үміт артылған. Алайда, ол препаратқа клиникалық тексеру жүргізілмеген. Қазір дәрі авторы Украинаға қоныс аударыпты. 6 жылдан бері байланыс та ажыраған. Ал, лейкоэфдин препараты да клиникалық тексеруден толық өткен. Сынақ нәтижесі Кеңес одағы тұсында Мәскеудегі фармокология комитетіне жолданған.

«Олардан мына жері кем қайта істеңдер, мына жері кем, хатты жібердік те отырдық. 1,2,3 жыл содан ССР да жоқ болды. Содан оны жүргізген химиктер де қазір жоқ. Бәрі зейнетке кетті. Сондай жағдай болды. Міне сол кісілердің жоқтығынан біз үлгермей отырмыз. Енді олардың клиникаға дейінгі сынақтары өтілген. Тіпті лейкоэфдиннің клинкиалық сынақтары Мәскеудегі клиникалық сынақтарын жіберіп, сонда болған», - деді Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті кафедрасының меңгерушісі Қайролла РАХИМОВ.

Онкологиялық ауруларға қарсы дәріні зерттеуге ат салысқандардың бірі Қайролла Рахимов. Ол өз зерттеулерін әлі де тоқтатқан емес. Осыған байланысты диссертация да қорғаған. Бірнеше жылдық зерттеулер мен талдаулар денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне айтылмапты.

Ғалымдар бірнеше жыл бұрын зерттелген дәрі қорытындылары министрлікте сақталуы керек деп санайды. Олардың сөзінше, препаттарға патент әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне берілген. Сондықтан дәрінің жалғыз иесі мемлекет.

«Кеңес одағы тұсында отандық бұл дәрі мемлекетке тиесілі болған. Кеңес одағы денсаулық сақтау министрлігінің құқықтық мұрагері қазіргі денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі болғандықтан, бұл инновациялық препараттар біздің мемлекетімізге тиесілі», - деді химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ профессоры Дмитрий КОРУЛЬКИН.

Отандық ғалымдар шығарған дәріні ары қарай зерттеулерін жалғастырып, қолданысқа енгізу үшін қаржы керек. Осы мақсатта арнайы гранттар бөлінсе, мамандар барынша ат салысуға дайын.

Перизат Көмекбайқызы, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров