Наурызбай ауданында бейнекамералардың арқасында қылмыстық көрсеткіш азайған

23.05.2017 15:26

Наурызбай ауданына бейнебақылау камералары қойылғаннан бері қылмыс 22 пайызға азайған. Аудан әкімідігі мен құзырлы орган өкілдері қауіпсіздікке қатысты тағы бір тың жоба ұсынып отыр.

«Ұрлықшылардың кесірінен екі лифт қазіргі күні жұмыс істемейді. Халыққа зияны келіп отыр. Осы лифтың құрылғыларын тонап кеткен», - деді ПИК төрағасы Бақтыбай ӨТЕГЕНОВ.  

9 қабатты тұрғын үйдің жеделсатысын қайта қалпына келтіру үшін 3 млн-ға жуық теңге қажет керек, дейді пәтер иелері кооперативінің жетекшісі Бақтыбай Өтегенов. Ұрлықшылар лифтінің бағалы металдарын қолды қылған. Дәл осындай ұрлық әрекеттері бұл ауданда жиі орын алған көрінеді. Қылмысты алдын алу үшін бейнебақылау камераларын орнатуды алға тарқан әкімдік бастамасын тұрғындар бір ауыздан қолдаған. Қазіргі уақытта аталған үйдің ауласына 5 бейнебақылау камерасы орнатылған. Енді тағы да бірнеше құрылғыны іске қосу жоспарланып отыр. Тәулік бойы жұмыс істейтін камералар әкімшілік құқық бұзушылыққа да тосқауыл болған.

«Қоқыс тастаған тұрғындар бейнебақылау кемераларына түсіп қалады. Бір-екі адамға ескерту жасалса, қалғандары да ауланы ластамайтын болады», - деді ПИК төрағасы Бақтыбай ӨТЕГЕНОВ.  

«Қауіпсіз аудан» жобасының тиімділігін сезінген тұрғындар ендігі кезекте балаларға арналған ойын аландарына да бейнебақылау камераларын орнатуды қолға алмақшы. Аталған жоба Наурызбай ауданның өзге де аймақтарында жүзеге асыру мақсатында әкімдік пен құқық қорғау органдарының өкілдері бұқарамен жаңа бастаманы талқыға салды.

«Ең негізгі мақсатымыз - ауданымызда болып жатқан қылмысты азайту және тоқтату. Профилактика ретінде. Кездесуде халық ұйымдастырылып жатқан акцияны қолдады. Сондықтан халық қолдап жатқан кезде бұл міндетті түрде нәтижесін береді», - деді Наурызбай ауданының әкімі Сайран САЙФЕДЕНОВ.  

Бүгінде Наурызбай ауданындағы 11 торапты жолға арнайы белгісі бар камералар орнатылған. Жалпы әкімдік жоба аясында 100-ден астам «қауіпсіздік камераларын» іске қосыпты. Ал, Ішкі істер басқармасы мен прокуратура өкілдерінің ақпараты бойынша, бұл қылмысты 22 пайызға азайтып отыр, дейді.

«Негізі біздің жоспар бойынша, 70-80 пайызға дейінгі көрсеткішке жету. Біз 100 пайызға қылмысты көшеге орнатылған камералар арқылы тоқтата алмаймыз. Сондықтан болжам бойынша, орта есеппен 70 пайызға жетсек те бұл жақсы көрсеткіш болады деп отырмыз», - деді Наурызбай ауданының прокуроры Нұржан СЕРІКҰЛЫ.    

Айта кетейін, пәтер иелері кооперативі және камера орнату мен оның жұмысын қадағалайтын жекеменшік компания арасындағы келісім шарт бойынша құрылғыны сатып алу, орнату тегін. Дегенмен, әр пәтерден бір айда 250 теңге көліменіде абонеттік төлем алынады. Ең бастысы жергілікті тұрғындар мен балалар қауіпсіздігі басты назарда деп отыр.

Нұрсұлтан Біләл, «Алматы» телеарнасы