Алматы облысының Жамбыл ауданында төтенше жағдай жарияланды

01.03.2018 16:31

Орын алып жатқан жекелей жағдайларды су тасқынына жатқызуға келмейді. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Алматы облысындағы еріген қар суына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, кешқұрым ауа температурасының төмендеуіне байланысты жағдай тұрақталады. Облыс бойынша төтенше жағдай тек Жамбыл ауданы мен Қаскелең қаласында ғана жарияланған. Кеше еріген қар суының көлемі 100 текше метрді құрапты. Осыған дейін өңірлердің барлығы су тасқынына дайынбыз деп есеп бергенін де министрдің орынбасары айта кетті. 

«Қардың еруі мен өзендердің арнасынан асуы су тасқыны кезеңі емес. Бұл тұрғындардың өз аумақтарын тазаламағаннан орын алып отыр. Сонымен қатар, жергілікті билік өкілдерінің де қатысы бар. Барлық жерде өз уақытында арық жүйесі тазаланбаған. Негізгі себеп осы. Бірақ жердің қатуына байланысты еріген қар мен жаңбыр суы сіңіп үлгермей жатыр. Салдары осы жағдайға алып келді», - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий ИЛЬИН.

Ведомоства басшысының орынбасары су тасқынының алдын алу үшін өткен жылы 12 миллиард бөлінгенін тілге тиек етті. Ал биыл оның көлемі шамамен 8 миллиард теңгені құрап отыр.