Қазақстанда электромобильдердің сериялық шығарылымы басталады

Қазақстанда электромобильдердің сериялық шығарылымы басталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда электромобильдердің сериялық шығарылымы басталады. Бұл туралы Астанада өткен бесінші көлік құрылысы форумында айтылды. Негізгі тақырып – электротранспорт пен электр қуаты арқылы жүретін автокөліктер өндірісін дамыту. Елордада өткен форумда Қазақстандық көлік өндірушілермен қатар, еуропа және ТМД елдері автоконцерндері, министрліктер мен комитет өкілдері қатысты. Келелі кездесуге әлемнің 16 елінен 800-ден аса делегат келген.

¤«Барлығымызға мәлім, жыл басында Қазақстанда жиналып шығарылған алғашқы электромобильдер сынақтан өткізілді. Осы жағынан біршама басымдықтар да бар. Ауқымды өндіріске шығу үшін бұл көліктерге қызмет көрсету, жөндеу, қуаттауды қолға алу қажет. Бұл басқа елдерде қолға алынған шара. Біз мысалы, Астанада қуаттап, келесісін Қарғандыда жасамаймыз ғой. Барлық өңірлерде осындай желі болу қажеттілігі туындайды. Осы жолда жұмыс істеп жатырмыз», - деді  «Қазақстан машина жасаушылар одағының» масқарма төрағасы Мейрам ПШЕМБАЕВ.

Мемлекеттің дамуында қуатты, жоғары өнімді көлік құрылысының алар орны ерекше. Біздің ел бұл салада стратегиялық инвесторларды тартып, ауқымды инновацияларды енгізуде жан-жақты көмек көрсетуде.


Новости партнеров