Табиғи ескерткіштер тізіміне енген Баум бағының аумағындағы коммуналдық меншікке өтіп кеткен жер телімдері қала балансына қайтарылды.
Белгілі болғандай, жеке тұлғалар оны өз беттерінше басып алған. Маусым айының аяғында Алматы әкімі Бауыржан Байбек басып алынған жер телімдерін заң жүзінде қайтарып, оны көгалдандыруды тапсырған еді.
Алдағы уақытта бақтағы ағаштардың иммунитетін жақсарту жолында биологиялық өңдеу жұмысы жүргізілмек.
Айта кетейік, Алматыда соңғы айлар ішінде тағы бірқатар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Солардың ішінде, әкімдік «Атакент» сауда кешеніндегі 23 гектар жерді уақытша жалға беру келісімінің күшін жойды. «Южный» саябағында компания тұрғын үй кешенін салудан өз еркімен бас тартты. Ал Розыбакиев – Штраус – Есқараев – Радостовец көшелеріндегі қайтарылған жер телімдеріне ашық аспан астындағы музей салу жұмысы жоспарланған.