|
09.08.2018 | 11:44
1759

Денис Тен туралы «Тает лед» арнайы шығарылымы жарияланды

Денис Тен туралы «Тает лед» арнайы шығарылымы жарияланды

2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің рухына арналған «Матч ТВ» арнасындағы «Тает лед» атты арнайы бағдарламасы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алексей Ягудин бастамашы болған бағдарлама 8 тамыз күні 17:55-те көрсетілді.  

Денис Тен 16 жасында Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан ең жас спортшы болды. «Тает лед» арнайы шығарылымында Денис Тенмен жақын дос болған Алексей Ягудин спортшының актер Санжар Мәди, режиссер әрі сценарист Игорь Цай, мәнерлеп сырғанаушылар Максим Маринин, Татьяна Тотьмянина, Максим Тараньков, Татьяна Волосожар, Илья Авербух, бірінші бапкері Елена Водорезова және Тенмен 6 жыл бойы жұмыс істеген әйгілі Татьяна Тарасова сынды достарынан, бапкерлерінен және танымал мәнерлеп сырғанаушылардан сұхбат алған.

Арнайы бағдарламаның түсірілімдері Мәскеуде, Сочиде және Алматыда өткен.  

Еске салайық, күні кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Спортшы ұрылардың үстінен түскен. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалту салдарынан ауруханада көз жұмды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир