Шымкентте педофилден зардап шеккен баланың әкесі көз жұмды

Шымкентте педофилден зардап шеккен баланың әкесі көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте педофилден зардап шеккен баланың әкесі қайғы-уайым салдарынан көз жұмған.

40 жастағы азамат баласының басына түскен ауыр жағдайды көтере алмай, жүрек талмасынан қайтыс болған, деп хабарлайды BNews.kz.

«Менің күйеу балам – баланың әкесі – болған жағдай туралы естігелі бері қатты қайғырып, уайымға салынып кеткен еді. Бір апта өткен соң жүрегінің талмасы ұстап, қайтыс болды», – дейді баланың әжесі.  

Педофил шабуылына ұшыраған баламен психологтар жұмыс істеп жатыр. Олар баланың қылмыс жасаушымен бетпе-бет келмеуін қадағалап, оқшау ұстаған дұрыс деп кеңес беруде.

«Мүмкіндігінше, ол адаммен кездеспегені дұрыс. Баланы ондай кездесуге алдын ала дайындап алу керек. Ондай дайындық бірнеше сатыдан тұрады. Бала психологиясын ондай ауыр кездесуге дайындау бір күн емес, бірнеше аптаға созылуы мүмкін», – дейді психолог Гүлжан Вероцкая.  

Сараптама қорытындылары әлі дайын емес, бірақ баланың анасы мен әжесі педофилге ең қатал жаза беруді талап етіп отыр.  

Еске салсақ, Шымкент қаласында 11 жасар жеткіншек педофил құрбанына айналған еді. Қылмыс 1 шілде күні 18 ықшамаудандағы көпқабатты үйлердің бірінің подъезінде орын алған. Бейтаныс ер адам аулада ойнап жүрген баланы көпқабатты үй подъезінің біріне алдап шақырып алған. Есікті жаба салып, балаға зорлық әрекеттерін жасаған. Қылмыстық әрекет сол подъезге және үй сыртына орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.  

Күдікті сол күні қолға түскен. Сот балаға зорлық жасады деген күдікпен оны 2 айға қамауға санкция шығарған. Сот отырысы жабық режимде өткен.  


Новости партнеров