Шымкентте кешіккен пойыздың жолаушылары далада түнеуге мәжбүр болған

Шымкентте кешіккен пойыздың жолаушылары далада түнеуге мәжбүр болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Вагондардың рельстен шығып кетуіне байланысты кешіккен Шымкент – Астана пойызының жолаушылары перронда түнеуге мәжбүр болған.

31 шілде күні таңертең Жамбыл облысында жүк көлігі вагондары рельстен шығып кетіп, салдарынан бес жолаушылар пойызы кешіккен.

Өңірлік otyrar.kz басылымына сілтеме жасап Sputnik хабарлағандай, жолаушылар кешкі сағат 18:00-де елордаға аттануы тиіс болатын, алайда пойыздың рельстен шығуы жоспардың күл-талқанын шығарыпты. Адамдар пойыздың қашан аттанатынын білмей, басым көпшілігі вокзалда күтуге шешім қабылдаған.

Жергілікті саудагерлер бұл жайтты құр жібермей, азық-түлік бағасын көтере қойған. Нан қымбаттап, ауыз су бағасы екі есе артқан. Ал тез пісірілетін кеспе үш-төрт есе артық бағамен сатылып, құны 400 теңгеге жеткен. Тіпті, әжетханаға бару үшін де жолаушылар ақша төлеуге мәжбүр болыпты. «Шымкент» станциясының басшысы араласқаннан кейін ғана әжетхана тегін болған.

Жолаушыларға күту залында, «ана мен бала» бөлмесінде, перрондағы орындықтарда, көгалда түнеуге тура келген.


Новости партнеров