Кёрлинг бойынша Универсиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Кёрлинг бойынша Универсиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кёрлинг бойынша 28-ші қысқы Универсиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл спорт түрінен 20 құрама бақ сынайды. Оның ішінде біздің де ұлттық құрама да бар. Сырт елден келген меймандар спорт нысандарымыздың ерекшелігін, еріктілеріміздің қонақжайлылығын айрықша ескеріп өтті.

«Қыздарымыздың бұл спорт түрімен шұғылданғандарына көп бола қойған жоқ, ал, жігіттеріміз 5-6 жылдан бері ұлттық құрамада дайындалып жүр. Ерлер кёрлингі әйелдердікіне қарағанда әлдеқайда мықты деп айта аламын. Әрине, қос команданың да жақсы көрсеткіштерге жетуін қалаймыз. Сенімдеріңізді ақтаймыз деп ойлаймын», - деді кёрлинг бойынша ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Виктор КИМ.

Ойынды алғашқылардың бірі болып Швеция мен Швейцария әйелдер құрамасы бастап берді. Швейцария құрамасы 6:7 есебімен жеңіске жетті. Қазақстанның әйелдер құрамасы Германиядан 2:13 есебімен, ал, ерлер құрамасы 7:1 есебімен жеңіліс тапты. Біздің ұлттық құраманың бүгінге соңғы ойыны Ұлыбритания командасымен өтті.


Новости партнеров