Оралдық 9 жасар бала үшінші рет көлік ұрлап кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оралдық 8 жасар бала осымен үшінші көлікті ұрлап кетті деп жазады Sn.kz сайты Мой Город порталына сілтеме жасап.
Ол бұл жолы Hyundai автокөлігін ұрлап кеткен. Көлікті Штыбы көшесінің жөндеу учаскесінде орнатылған «бетон блоктарға» соққан. Себебі, бала бойы аласа болғандықтан жолды көре алмайды екен.
«Бұл бала бірінші рет көлік ұрлап тұрған жоқ. Қазіргі таңда автомобиль иесінің кім екені анықталып жатыр. Эвакуатор шақырылды. Оқиға орнына жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция қызметкерлері келді. Олар баланы үйіне алып барады», – дейді тергеуші.
Еске сала кетейік, 8 жасар бала 6 тамыз күні бір, 9 тамыз күні екінші рет көлік ұрлап, жол апатын жасаған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41