Өзбекстан халқы жаңа президентін сайлады

Өзбекстан халқы жаңа президентін сайлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өзбекстан халқы өздерінің жаңа президентін сайлады. Көрші мемлекетте күні кеше сайлау науқаны өтіп, оның нәтижесі белгілі болды. Сайлауға төрт үміткер қатысты. Дауыс беруге ел халқының 87 пайызынан астамы қатысқан. Дауыс беру ел ішіндегі - 9383  және шет елдердегі 44 сайлау учаскесінде өтті. Сайлау науқанының қорытындысы мен сарапшылардың пікірін тыңдап қайтқан әріптесім тарқатып айтады.


Бір жылдан аса уақыт Қазақстанда жұмыс істейтін Нәдірбек логистика менеджері болып қызмет етеді. Шет елде, жұмыс, оқу деп жүрсе де отанындағы өзгерістерге жаңалық ленталары арқылы қанық болып отырады. Күні кеше өткен сайлауға қатысып, Алматыдағы елшілікте лайықты деп есептейтін кандидатқа дауысын берді. Енді, сайлау 


 «Өзбекстан азаматы ретінде мен өзімнің міндетімді орындадым. Үйдегі туған-туысқандарыма қоңырау шалған кезде сондағы саяси доданы қарқынды өткенін байқадым. Жастар да әлеуметтік желіге сайлауға барған суреттерін жариялап жатты. Жалпы жаңа басшыдан күтетініміз - оң өзгеріс. Әсіресе, білім саласында. Өзім Мерзиёевке дауыс бердім. Ол Ислам Каримовтың жолын жалғастырады деп ойлаймын»,- Өзбекстан Республикасының азаматы, Нәдірбек ИСМАИЛОВ.


Дауыс беру жексенбі, 4 желтоқсан күні сағат 06.00-де басталып, 20.00-де аяқталды. Түс ауа Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өтті деп таныды, себебі келушілердің саны қажетті 33 пайыздан асып жығылды. ОСК-ның мәліметінше, сайлауда 17 млн. 941 мың 955 адам дауыс берді, бұл электораттың 87,83 пайызы. Сайлауда Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы, Премьер-Министр Шавкат Мирзиёев 88,61% дауыспен жеңіске жетті. Ал, екінші орында 3,73% Хатамжон Кетмонов, үшінші нәтижені 3,46% Наримон Уманов, 2,35% пайызбен соңғы орынға Сарвар Отамурадов  жайғасты.


 «Менің ойымша, Мирзиёев ішкі саясатта үлен реформалар жүргізбей, Ислам Каримовтың ізімен жүріп, ісін жалғастырады. Оппозиция болмайтынын айтпаса да болады. Демократия ойынын әрмен қарай жалғастырып, билік жаңа президенттің  мықты бақылауында болады.  Ішкі интригалар орнауы мүмкін. Оны тек уақыт көрсетеді»,- деді Саясаттанушы, Досым Сатпаев.


Айта кететін жайт, Шавкат Мирзиёев 2003 жылдан бері Өзбекстанның премьер -министрі қызметін атқарып, Ислам Каримовтың оң қолы ретінде танылған. Ислам Каримов дүние салғаннан кейін президент қызметін уақытша атқарып келді. 59 жасар жаңа президентті сарапшылар бұған дейін де жеңіске үміткер деп бағалаған еді.


Әнуарбек Жәлел, Әсет Құндақпаев, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров