Оңтүстік Қазақстан облысында 42 үйдің ауласын су басты

Оңтүстік Қазақстан облысында 42 үйдің ауласын су басты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оңтүстік Қазақстан облысында толассыз жауған жаңбыр тұрғындарды әбігерге салды. 42 үйдің ауласын су басты. Нөсерден ауыл іші мен көшелерге жиналған лай суды сору жұмыстарына 82 адам мен 24 техника жұмылдырылған. Осы уақытқа дейін 12629 мың текше метр су тартылған. Атап айтқанда, мұндай жағдай Атакент, Асық-ата, Ырысты ауылдары мен Жетісай қаласында орын алған.  

«Қазіргі таңда облыс бойынша барлық қала мен аудандарда шұғыл штабтар құрылған және олар тұрақты тәулік бойынша жұмыс атқаруда. Осы Оңтүстік Қазақстан облысында су басуға қарсы іс-шаралар 2016 жылдың желтоқсан айында басталып кеткен. Осы желтоқсан айында кезектен тыс төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясы өткізілген. Ол жерде барлық қаланың әкімдеріне нақты тапсырма берілген. Атап айтқанда, инженерлік жұмыстарды қатаң бақылауға алып, осы тұрғыда жұмыстарды атқару», - деді  ОҚО ТЖД өкілі Зарипа ТҰРЫСБЕКОВА.


Новости партнеров