Оңтүстік Қазақстан облысында мешіт имамы діни алауыздық тудырғаны үшін айыпталып жатыр. Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ орталық мешітінің имамы жұма намазы уақытында Сириядағы соғыс туралы уағыз айтып келген. Тергеу амалдарының мәліметі бойынша, ол елімізде тыйым салынған ағымды, Сириядағы содырлардың іс-әркетін қолдағаны белгілі болыпты.
«А.С. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс Сайрам аудандық сотының өндірісіне келіп түсті. Қылмыстық іс қазір қаралу барысында», - деді ОҚО Сайрам аудандық сотының канцелярия меңгерушісі Сабыр МЕЙРАМБАЕВ.
41 жастағы дін қызметкері аталмыш мешітте 6 жыл істеген. Келушілерге ол соғыс туралы айтып, сириялық исламистермен байланыс та орнатқан көрінеді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оны тұтқындап, ісін сотқа жіберді. Процесс жабық түрде өтуде. Айта кетейік, жыл басынан бері Сайрам ауданының үш тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталыпты.