|
07.09.2018 | 19:06
1593

Елімізде жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздары теңгеге ауыстырылады

Елімізде жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздары теңгеге ауыстырылады

АҚШ валютасымен ипотекалық қарыз алғандардың берешегі теңгеге ауыстырылады. Бұл 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін баспанасын көк қағаз құнымен есептегендерге қатысты. Осылайша, Ұлттық банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша қайта қаржыландыру көзделген. Ол үшін Ұлттық банктен  150 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған. 

«Өз кезегінде, банктер қарыздарды қайта қаржыландырған кезде 136 млрд теңгеден астам сомаға сыйақы, өсімпұл комиссиялары бойынша қарыз алушылардың берешегін кешіретін болады. 2016 жылы 1 қаңтарда шетел валютасында табысы жоқ жеке тұлғаларға шетел валютасында жаңа ипотекалық қарыздарды беруге тыйым салынғанын ескерсек, бағдарламаны жүзеге асыру банктердің портфельдеріндегі шетел валютасында берілген ипотекалық қарыздарды жоққа шығарады. Валютамен заем алған азаматтар ағымдағы жылдың 15-ші желтоқсанына дейін берешегін қайта қаржыландыру үшін ипотекалық қарыз берген банкке баруы міндетті», – деді ҚР ҰБ Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бөлімінің бастығы Мениса ХУСНУТДИНОВА.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир