Алматыда Конституция күніне арналған велошеру өтеді

Алматыда Конституция күніне арналған велошеру өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тамыздың 26-ы күні «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында алып шаһарда Конституциясы күніне арналған кезекті велошеру өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Кез келген қала тұрғыны мен қонақтары таңғы сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңына жиналып, ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотореяның нөмірлерін алады.

Велошеру сағат 09:00-де басталып, Тұңғыш Президенті саябағында аяқталады. Велошерудің қашықтығы 8 шақырым. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылады.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатынын ескертеді.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он төртіншісі.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһарда бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып келеді.  


Новости партнеров