Венгрия Қазақстанның студенттеріне 200 грант бөліп отыр

Венгрия Қазақстанның студенттеріне 200 грант бөліп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетелдік жоғарғы оқу орындарының жыл сайын Қазақстанға бөлетін гранттары көбейген. Бір ғана Венгрияның өзі биыл 200 Қазақстандық студентке тегін оқуға мүмкіндік беріп отыр. Жалпы еліміздің мектеп бітірушілері қай мемлекетте білім алғанды жөн көреді?

Мұрат Бақтұр биыл Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебін тәмадады. IT саласында жұмыс істеу арманы. Мамыр айының соңында әлемнің 5 жоғарғы оқу орындарына құжат тапсырыпты. Бірден төртеуіне грантқа түскен. Арасынан, Корей елінде оқимын деп шешіпті. Мұраттың айтуынша, Корей елі IT саласы бойынша әлемде көш бастап тұр. Шетелде білім алуды бала кезінен армандайды екен. Сол жақта тәжірибе жинап, Қазақстанға қайтып келем, - дейді.  

«Әрине Қазақстанда оқығым келеді. Бірақ менің мақсатым шетелде оқу болатын. Және өзімнің арманым болған еді, шетелді көру, мен әлі өзім шетелге шықпадым. Сол себепті, шетелге құштарлығым жоғары. Және осы оқу орындарын оқып, мен қайта еліме оралып осы елімнің дамуына үлес қосқым келді»,-деді Алматы қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Мұрат БАҚТҰР.

Мұғалімдер шетелде білім алуды қолдайтындарын айтады. Ондағы алған білімдерін, елімізге келіп тәжірибе жүзінде іске асырады, - дейді. Шетелде қалып қоятындарды да жақсы жағынан түсіну керектігін айтады.

«Шетел мемлекеттерін таңдағандары біздің еліміз үшін маңызды, жақсы деп ойлаймын. Өйткені халықаралық тәжірибені ала отырып,  кейін алған білімдерін елімізде пайдасын тигізеді деген ойдамыз. Біздің түлектер елімізге оралып, өздерінің алған білімдерін, тәжірибелерін мемлекетімізідң өркендеуіне үлестерін қосады деп сенемін. Ал егер қалып жатқан жағдайлар болса, олар сол жерде біздің мемлекетімізідң танытады деп сенемін»,-деді Алматы қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің педагог-кітапханашысы Таңшолпан ДІЛДӘБЕК.

Еліміздің мектеп бітіруші түлектері көбіне Египетте, Қытайда, Румыния, Славакия, Украина, Тәжікстан, Венгрия сынды мемлекеттерде түрлі салада білім алғанды жөн көреді. Қазақстан аталған елдерден бөлек Түркия, Ресей, Корей, Жапония сияқты елдерге де грант бөледі.

«Қазақстанның түлектері көбіне соңғы жылдары Еуропаның жоғарғы оқу орындарын таңдайды. Мәселен, 2013-ші жылдан бері Венгриямен келісімшарт бойынша жұмыс істеп келеміз. Биыл аталған ел Қазақстанға 200 грант бөліп отыр. Келесі жылы бұл көрсеткішті 250-ге жеткіземіз деген жоспар бар»,-деді    ҚР Білім ЖӘНЕ Ғылым министрлігі Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Эльмира АСАН.

Еліміздің Білім және ғылым министрлігі жыл сайын шетел асатын оқушыларды мониторинг жасайтын жүйені қолға алыпты. Осы күні Қазақстанда 13 мыңнан аса шетелдік студент оқиды. Бұл көрсеткіш жыл санап артып келеді екен.


Новости партнеров