|
06.04.2017 | 12:07
7655

Виктор Глуценко: «Барлықтарыңыз қашан темекі шегіп боласыздар?»

Виктор Глуценко: «Барлықтарыңыз қашан темекі шегіп боласыздар?»

Темекі түтіні мен өкпе қатерлі ісігіне өз құқығын қорғап жүрген адамдардың ызасына тиетіндігімді жақсы білсем де, мені және жалпы қалада шылым шекпейтін адамдардың ашуын не келтіретіндігін түсіндіріп көрейін.


Күнде мен жұмысқа тез-тез қадам басып жүріп барамын. Бірақ әрдайым мені ауыздарында темекілері бар адамдар басып озып, түтінді артқа қалдырады. Ал биікөкше киген қыздар өткенде тіпті әтір мен түтін иісі араласып кетеді. Бұрын шылым шеккен адам ретінде маған бір зат түсініксіз. Неге темекіні жүріп бара жатыр шегу керек? Бұны басқа жерде істесе болмайды ма? Әлде бұл бір сән үрдісі, өзіндік бір тренд па? Мүмкін темекіге деген тәуелділік соншалықты А пунктінен Б пунктіне жеткенше шыдауға қауқарлы емес пе?  Менің кезімде бұл процесс басқа жерде, компаниямен немесе жұмыста арнайы белгіленген жерде өттін. Жүріп темекі шегетіндер бірнеше сағат ұшатын самолетке отырып көрмеді ме деген ой келеді еріксіз.

Шетте тұрып, түтіндетуге 5 минут уақыттары жоқ па?

Олар қасынан өтіп бара жатқан адамдарды, соның ішінде балалармен жүрген әйелдерді еркінен тыс пассивті шылымқор ететіндерін түсінеді ме өздері?


Шылымның адам ағзасына зияны туралы жазылған ақпараттың көптігі соншалықты, босқа уақыттарыңызда алмай-ақ қояйын.

Бұл жерде сөздің төркіні сізді қоршаған адамдарға деген сыйластығыңызда болып тұр. Ал күнде және жиі шылым шегетіндерге қарасақ, бұл сезімнің оларда жоқтығына куә боласыз.

Таза ауаны ластайтын адамдардың бірі - аялдамада қоғамдық көлікті күтіп тұрғандар. Олар көлік келісімен соңғы демдерін іштеріне тартып, ал түтінді тек автобустың салонында бірақ шығарады. Дәл осы жағдай поезд перронында да орын алады. Ол жерде қолында ауыр жүгін болғандықтан таза ауаны тауып, жұту тіпті қиын. Сонымен қатар, шылым шекпейтіндердің жүйкесін түтіндететін көршілер жұқартады. Олар өз пәтерлеріндегі ауаны ластамау үшін кіреберісте, кейде тіпті лифте темекі тартады.


Әкімшілік кодексте бұл санатқа жататын адамдарға қатысты арнайы бап та бар. Құжатқа сәйкес, қоғамдық жерлерде темекі шеккендерге айыппұл салынуы тиіс. Бірақ заң жүзінде айыппұл арқалап жатқандар аз. Мүмкін учаскелік полицейлер заң бұзған азаматтарды тұрғындар өздері ұстап береді деген ойда болар. Ал патрульдік экипаж аялдамадан өте шығады. Олар арнайы автобус жолағымен қозғалып бара жатқан көлік жүргізушілерін ұстаумен әлек. Вокзал перронындарында полицейлер күдікті жолаушыларды аңдумен болады.

Қандай жағдай орын алмасын дамыған Батыс елдерін мысалға қоюға асықпыз. Мен АҚШ делегациясының қатарында болған кезімде, әріптестеріммен вашингтондық саябақта темекі шекпек болдық. Жергілікті қатаң тәртіпті білгендіктен болар, өзге адамдарға бөгет болмайтындай алыста тұрған орындыққа барып, жайғастық. Бірақ темекі күлін алақанымызға жинауға тура келді. Себебі жақын маңда қоқыс тастайтын жәшік болмады. Сонымен қатар, бізден көздерін алмай тұрған полицейлер тұрғаннан кейін темекі тұқылын сөндіруге тура келді.  

Біз тағдырымызды сынамай, қоқыс жәшігін іздеп кеттік. Ал біздікілер оларды елемейді де. Жол жиегімен жүріп бара жатқан шылымқорлар темекі қалдығын аяқтарының астына тастай салады. Аялдамада немесе перронда түтіндеткендер бір-екі қадам жасап, қоқыс жәшігіне барып тастауға ерінеді. Олар қашықтықтан тұрып алып, жәшікті көздейді. Десе де, қоқыстың жанында жатқан темекі қалдықтарына қарап, көбісі өздері ойлағандай мерген еместіктеріне көзімізді жеткіземіз. Көлік жүргізушілері бұған қатысты тіпті бастарын қатырып жатпайды, - терезені аша салып, жолға атып ұрады. Енді көліктерін былғамайды ғой.


Мен шылым шегуді осыдан 10 жыл бұрын қойдым. Әрине бұл маған жеңіл соқпады. Ұзақ уақытты да талап етті. Медициналық дәрі-дәрмектерді қолданғанымды жоққа шығармаймын.

Әр адам өзі таңдау жасайды. Бірі бұл әдетпен өмір жастарын қыстартады, ал енді бірі салауатты өмір салтын ұстаныға тырысады. Бірақ қоғамдық ортада темекі шегу арқылы өзгелердің өміріне зиян келтіретіндерді не істейміз?


Дәрігердердің көмегіне жүгінетін адамдардың саны да азая қойған жоқ. Менің бір досым кардиология Институтына түспестен бұрын 30 жылдан астам уақыт темекі шегіп келді. Ол жерден шыққан соң темекіге мүлдем жоламады. Бірақ тым кеш еді. Жақында біз оны о дүниеге шығарып салдық. Айтпақты, менің атам, ҰОС ардагері дәрігерлердің қатаң талабымен 60 жасында темекі шегуді қойды, 82 жасқа дейін өмір сүрді. Жаяу жүргіншілер жолымен жүгіріп бара жатып шылым шегетіндердің қанша өмір сүретіндерін мен білмеймін. Дәрігерлердің айтуынша, асықпай тұрып түтіндететіндерге қарағанда аздау екен. Менің қояр екі сұрағым бар: мемлекет қашан темекі шекпейтіндердің құқығын толықтай қорғай алады және.... қашан сіздердің барлықтарыңыз темекі шегіп боласыздар?



Мәтін: Виктор Глуценко

Аударған: Меруерт Сағымхан


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир