«Қазинвестбанктың» құны 11 млрд теңгені құрайтын депозиті мен зейнетақысы «Альфа банкке» өтті. Оның ішінде 7,8 млрд теңге жеке тұлғалардың депозиттері және 3 млрд теңгесі Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы қорының ақшасы. Сонымен қатар, Альфа банктың заңды тұлғалар алдындағы міндеттемесі болып табылатын «Қазинвестбанктың» 10 млрд активі де қоса өтпек. Бұл туралы Ұлттық Банкте өткен пресс-конференцияда Альфа банктің басқарма мүшесі Андрей Елхов мәлімдеді. Белгілі болғандай, жеке тұлғалар депозиттегі ақшаларын толық көлемде қос банк арасындағы қабылдау мен өткізу актісіне қол қойылған соң алады. Бұл рәсім осы аптаның аяғында аяқталуы мүмкін. Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы қорына активтерді беру кезінде ешқандай шығын келмейді. Дегенмен барлық рәсім аяқталғаннан кейін алдағы 3 жылда депозиттер Альфа банкте болуы тиіс. Ондағы мөлшерлеме жылына 8 пайызды құрайды. Банктің басқарма мүшесі активтердің басқа бөлігінің қалай жүргізілетінін былай түсіндірді.
«10 млрд теңге - бұл Қазинвестбанктың заңды тұлғалар алдындағы міндеті. Оның бір бөлігі актив болып саналады. Оны Қазинвестбанктің балансынан аламыз. Бұл кезде қарыз алушы мен салымшы бір ұйым болып есептеледі. Біз Қазинвестбанктен шамамен 7 млрд теңгені салымшылар алдындағы міндеттемелерін алуымызға болады. Біз тауарлар тобын сататын туралы жазбаша ұсыныста ақшаны толық көлемде жеткізе алмайтынымызды айттық. Қазинвестбанктің активтерін зерттедік. Ондағы қайтарылатын бөліктер аз»,- деді «Альфа-Банк» ЕБ АҚ басқарма мүшесі, Андрей ЕЛХОВ.
Еске сала кетейік, Ұлттық Банк 2016-шы жылдың желтоқсан айында Қазинвестбанкті лицензиядан айыру туралы шешім қабылдады. Себебі, төлем мен аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелер жүйелі жүзеге аспаған. Қызметі тоқтаған банкке депозит тарту мен жеке тұлғаларға шот ашуға тыйым салынды. Сондай-ақ, Ұлттық банктің шешімімен өткен жылы Қазинвестбанктің уақытша әкімшілігі сайланып, барлық басқару құқығы соларға берілді. Ақпан айының басында екінші деңгейлі банктер арасында міндеттемелер мен активтерді өткізу операциясына байқау жарияланған болатын.