Ұлыбританияның «Манчестер Арена» стадионында екі бірдей жарылыс болды

Ұлыбританияның «Манчестер Арена» стадионында екі бірдей жарылыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлыбританияның «Манчестер Арена» стадионында екі бірдей жарылыс болды. Салдарынан 20 адам қаза тапты.  Манчестер полициясы алаңда жарылыстың болғанын және онда зардап шеккендер мен қаза тапқандардың бар екенін растады. Ал кейбір БАҚ өкілдері Twitter желісіндегі қолданушыларға сілтеме жасай отырып, бұл оқиғаның әнші Ариана Гранденің концертінде болғанын айтады. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің мәліметінше, әнші зардап шекпеген. Сондай-ақ Reuters агенттігі америкалық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, «Манчестер Арена» алаңындағы жарылысты лаңкес-өлімшінің ұйымдастыруы мүмкін екенін хабарлайды. Полицияның мәліметінше, жарылыстан кем дегенде 20 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алған. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары бұл оқиғаны теракт деп санайтынын мәлімдеді.  Жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің ішінде Қазақстан азаматы жоқ.


«Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс салдарынан зардап шеккендер және қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Сонымен қатар, анықтау жұмыстары барысында бұл конценртке қазақстандық 6 студенттің қатысқаны белгілі болды. Олар біздің қазақстандық дипломаттарға телефон арқылы барлығы өздерінің тұратын жерлеріне аман-есен қайтып келгендерін айтты», - деді  ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар ЖАЙНАҚОВ.



Новости партнеров