Алматының Республика сарайында президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті

Алматының Республика сарайында президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Республика сарайында президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шарада жас өнерпаздар өлең айтып, би билеп бар талантын паш етті. Ал, аниматорлар болса, түрлі ертегі кейіпкерлерінің образына еніп, балаларды қиял ғажайып әлеміне шарлатты. Мейрам дәстүр бойынша Елбасының арнайы бейне құттықтауымен жалғасты. Жиналған балаларға президент атынан ұялы телефондар, мектепке қажет құралдар, спорттық киім жиынтығы сияқты бағалы сыйлықтар табысталды. 


Зәулім ғимараттың ортасында орналасқан шыршаның биіктігі 5 метр. Жаңа жылды қарсы алуға 200-ге жуық бала келіпті. Оның барлығы балалар үйінің тәрбиеленушілер. 9 жасар Ләйлә да жылды асыға күтіпті. Кішкентай Перизат, Аяз атаға арнап жаңа жылдық тақпақ айтып берді»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.¤


«Құрметті балалар, сіздерді 2017 жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл баршаңызға шаттық, қуаныш, бақыт әкелсін. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын, әрқашан мерекеге көңіл толсын, жаңа жыл мерекесі құтты болсын»,- деді Ләйлә СЛАВЕНКО.









Новости партнеров