Ресей Қазақстанға кері қайтарған аумақтарда радиация жоқ

Ресей Қазақстанға кері қайтарған аумақтарда радиация жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Байқоңырдағы Қазақстанға кері қайтарылып жатқан бұрынғы жалдамалы аумақтарда радиация жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет қабырғасында өткен жиыннан кейін қорғаныс және Аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді. Ведомство басшысының сөзінше, ресей тарапы жылдар бойында жалдаған бұл аумақ - сырдария өзені мен теміржол арасында орналасқан. Әрі, бұл жерлерде ешқашан техникалық жұмыстар жүргізілмепті. Сонымен қатар, «байқоңыр маңындағы жерлерге радиация сіңген деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді министр.

«Бұл жерге ешқандай радиация тарамаған. Сіздер өздеріңіз білесіздер. Зымырандарды ұшыратын, технологиялық әрі өзге де жұмыстарды атқаратын арнайы аймақ бар. Демек, олар белгілі орындарда орналасқан. Қауіпсіздік шараларына сай, белгіленген аймақтан бөлек, қосымша жер бөлінеді.Ол бос тұрады. Бүгінгі таңда сол ауылдарды дамыту, инфрақұрылымдарды жақсарту, жол төсеу сынды жұмыстар қолға алынады», - деді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВ.

Естеріңізге салай кетейік, Челябинскіде өткен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өзара бірқатар маңызды құжаттарға қол қойған еді. Оның ішінде, «Байқоңыр» ғарыш кешенін жалға беру келісімшартына қатысты хаттама да бар. Ақпарға сәйкес, Ресей жалға алған жерлерден яғни, ақай және төретам елді-мекендеріне жақын орналасқан аймақтан 12 мың гектар жер қайтарылған. Бүгінгі таңда аталмыш аудан әлеуметтік және экономикалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында қызылорда облысы қарамағына берілді.

Новости партнеров