Қазақстанда туа бітті құлақ қабыршағы дамымаған немесе мүлдем болмаған 500-ге жуық бала бар. Медицинада «микротия» деп аталатын дертке шалдыққандар шын мәнінде көрсеткіштен екі есе артық болуы мүмкін», - дейді дәрігерлер. Өкініштісі, елімізде есту қабілетінен айырылғандарға ота жасап, мәселені толыққанды шешіп беретін мамандар мүлдем жоқ. Ал, шетелде жасау үшін қыруар қаржы керек.
Мирас 10 жаста. Туғанынан «микротия» дертіне шалдыққан. Осыдан екі жыл бұрын құлақ қабыршағындағы ақауды біржолата жою үшін ота жасалыпты. Алайда, отандық дәрігерлер артық қыламыз деп, тыртық қылған.
«2016 жылдың 8 маусымында бізге қазақстандық профессор бітелген құлақ қабыршағын ашу үшін ота жасады. 8 ай ауырып, сыздаған жағдайды қалыпты көріп, шыдап жүрдік. Отадан кейін оны таңу, тазалауға 3 ай бойы кәдімгідей қатынадық. 9 айда қан ағып, балам өзін қоярға жер таппады. Кейін өзге шетелдік дәрігерлер баламның құлағынан имплант алып шықты. Ота жасағандар «30 жылдық жұмыс тәжірибемізде мұндай жағдайды көрмеп едік», - деп шошынды», - деді Мирастың анасы Жәмиля ТЕМІРАЛИЕВА.
Әлемде бар болғаны 10-ға жуық дәрігер, құлағы бітеу туылған балаға қалыпты есту қабілетін сыйлай алатындай дәрежеде екен. Бірақ, бір отаның жасалуына 80 мың доллар қажет. Дегенмен, Қазақстандағы балалардың тағдырына жаны ашыған үндістандық мамандар елімізге келіпті. Олар 8 баланы толықтай дертінен айықтырған.
«Менің сіздердің елдеріңізге келуімнің басты себебі, осындағы балалардың аналары мен әкелері. Олар мені қалайда тауып, көмек қолын созуды сұрады. Ұзақ сұрады. Осындай өтініштерден кейін менің «жоқ деуге» хақым болмады», - деді отоларинголог Ашеш БХУМКАР.
Қазақстанда табиғи тесіктердің жетілмеу ақаулары бар 489 бала өмір сүреді. Дерттің қайдан, не себепті пайда болатындығына түрлі себеп бар. Бір қызығы, әр елде көрсеткіш әртүрлі. Мысалы, көршілес Ресейде «микротия» деген диагнозбен 22 мың бала болса, Швецияда олардың саны 10-ға жетеді.
«Біздің Денсаулық министрлігімен бірге тәжірбиелері бар дәрігерлер үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Еңі бірінші талап, білім беру. Бүкіл әлемдегі жетік клиникардан барып, дәріс оқу, мәлімет алу. Содан кейін осы балардың бәрін шетелге жібермей, қанша дегенмен бұның бәрі шығын ғой үкіметтен. Сондықтан өз елімізде, өз клиникаларымызда от жасау жоспарда бар», - деді Ақсай университтеттік клиникасының лор бөлімшесінің басшысы, хирург Айгүл МЕДЕУЛОВА.
Қалай болғанда да, отандық дәрігерлер шетелден келген әріптестерінен үйренері көп. Айта кетейік, елімізден алдағы уақытта 3 маман 3 айға халықаралық ауруханаға тәжірибесін арттыруға жол тартпақ.
Нұржан Сәдірбай, Олжасбек Мәденов, ТА Астанадан