«Тимур Мұратұлы, сіз баяндама жасау үшін келдіңіз. Анықтаманы кейіннен қол астындағы қызметкерлерден сұрамайтындай, бәрін баста ұстау керек. Міне, осының салдарынан сіздерде жаңа кәсіпорындар саңырауқұлақтай қаулап кетеді. Себебі, ешқандай бақылау жоқ. Ойларына келгенін істейді»,-деді Бақытжан САҒЫНТАЕВ.
Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысын сынады. Президенттің 10-шы қаңтарда Жолдауындағы ескертпесіне екпін түсірді. Онда Елбасы жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру жөнінде бірнеше рет талап қойғанмен, Тамара Дүйсенова басқаратын ведомства жауапсыздық танытып, атүсті қарады деген еді.
«Елбасының Жолдауында айтылған сынды бәріміз үшін соңғы ескерту деп білуіміз керек. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ғана жұмысты соңына дейін атқармай жатыр демей, өңірлер де бұл жұмысқа атсалысуы керек. Бұл, барлығымыз - Үкімет те, өңірлер де, әкімдіктер де атқаратын кешенді жұмыс. Сондықтан, министр Тамара Қасымқызы, айтқан ұсыныстардың барлығын жеке қарастыруға тиіспіз. Тамара Қасымқызы, керек болса ай сайын менің жұмысымның деңгейінде бұл шаруаны жүргізетін болайық. Министрлікпен бірге, жеке блокта өңірлердің де есебін тыңдайтын боламыз»,-деді ҚР Премьер-Министрі.
Министр ел азаматтарын жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсіп бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасалуын 2018 жылдың соңына дейін жеткізу керектігін айтты. Жалпы, Үкімет басшысы цифрландыру саласында жұмыстың бір бөлігін мерзімінен бұрын аяқталса, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді 2020 жылға дейін күтпей-ақ қоюға болады деді. Демек, биыл өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өзекті мәселелері мен міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін толыққанды енгізуге барлығымыз ат салысып, оның шешіміне күш салуымыз керек деді. Нұрсұлтан менің айтарым осы.