Рудныйда бұта арасынан үш айлық сәби табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысындағы Рудный қаласында көшеден жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды Sputnik.
"Костанайские новости" өңірлік басылымының жазуынша, қыз бала тірі, дәрігерлер қарап шығып, дені сау екенін айтты. Салмағы 3 килограмм.
Қазір сәбиді перзентханаға апарыпты.
Бір ай бұрын осындай жайт Түркістан облысында болды. Елді мекендердің бірінде туғанына үш күн болған нәрестені сөмкеге салып, аптап ыстықта жол шетіне қалдырып кеткен. Сәби сөмкені ашуға қорықпаған әйелдің арқасында аман қалды.
Қостанайда мамыр айында туберкулез диспансері маңында жаңа туған нәресте табылып, денесінен суық өтіп кеткендіктен, ауруханада шетінеп кеткен болатын.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
20.09.2026 17:09
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53