Қаланың барлық коммуналдық мекемелері Универсиада ойындарына дайын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қаланың барлық коммуналдық мекемелері Универсиада ойындарына дайын. Бұл туралы Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының отырысында мәлім болды. Алматыда Универсиада қарсаңында қалалық инженерлік желілер жұмысына бақылау қатаңдатылды. Жылу, электр энергиясы және басқа да коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қадағалау 380 инженер-техник маман жұмылдырылған 60 апаттық-жөндеу бригадасына жүктелді. Оларға 200 арнайы автотехника берілді. Бұл Универсиада - 2017 нысандарына жалғанған инженерлік желілермен қамтамасыз ету туралы бекітілген кешенді жобаға сәйкес жасалып отыр. Спорттық нысандардың жылумен, электр энергиясымен, сумен қамтамасыз етілуі тәулігіне бірнеше рет тексеріледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05