Еліміздің ет өнімдеріне Қытайдан сұраныс көбейді

Еліміздің ет өнімдеріне Қытайдан сұраныс көбейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда органикалық өнімдер 350 мың гектарға жуық аумақта ғана өндіріледі. Ал экспортқа 5 тауар түрі ғана шығарылады. Осы мәселені шешу үшін индустрияның болашағы мен органикалық өнімдер туралы заңнаманы талқылау мақсатында ауыл шаруашылығы мамандары бас қосты. Қазір өндірушілер алдында табиғи таза өнімдерді стандарттау және сертификаттау мен «Қазақстанда жасалған» брендін көтеру жұмысы тұр екен. Еліміздің азық-түлік өндірісі саласына Еуропа, Ресей мен Қытай елдері қызығушылық танытады. Әсіресе, аспан асты елінде біздің ет өнімдеріне сұраныс көп көрінеді.  Енді, осы тұста сарапшылар фермерлердің кәсібін дамыту үшін білімдерін жетілдіру қажеттігін алға тартады. Өйткені еліміздегі органикалық мәдениетте стратегиялық шешім жетіспейді.

«350 мың гектар ғана органикалық өнімді өндірумен айналысып отыр. Ол енді бүгінгі кезде өте аз деп айтуымыз керек. Ал, 29 ғана фермерлік шаруашылықтар ғана органикалық өніммен айналысып отыр. Ал бүгінгі экспортқа шығып отырған өнімнің жалпы саны 5 қана түрден экспортқа, халықаралық стандартқа сайы ғана шығып отыр», - деді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес ЕСБОЛОВ.

Новости партнеров