Қарағанды облысында гепатит жұқтырған оқушылар саны азаймай отыр

07.02.2018 03:00

Қарағанды облысында гепатит жұқтырған оқушылар саны азаймай отыр. Тек бір ғана №58 мектептің өзінде сары ауру 17 балаға жұққан.  Шахтинск,Теміртау, Балқаш қалаларындағы мектептерден де гепатиттің А түрі табылған. Қазір аймақта ауырып, ауруханаға жатқызылған адам саны 51-ге жеткен.  Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин оқушыларға қауіпті ауру сусындардан жұққан, дейді. Тараған вирусты ауыздықтау үшін қазір облысқа 2 мың вакцина алынған. Алдағы күндері тағы 60 мың вакцина аламыз, деді санитарлық дәрігерлер. Сондай-ақ ауырған адамдармен байланыста болған барлық жанға екпе салынады.  

«Температура көтеріліп, құсып, бауырымыз аздап ауырғандай болады да қояды. Бірақ ол адам өзін аурумын деп санамайды. Сөйте тұра ол гепатитті өзгеге жұқтырушы, тасымалдаушы болып жүре береді», - деді Қарағанды облысы  қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан БАЙҚҰТАНОВА.