|
05.09.2018 | 11:05
5666

Біртанов Астана ауруханаларындағы медқызметкерлердің сыртқы түрін қатаң сынады

Біртанов Астана ауруханаларындағы медқызметкерлердің сыртқы түрін қатаң сынады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен АҚШ-тан келген шұғыл көмек саласындағы жетекші маман процессор Дрешердің Астанадағы №2 қалалық балалар ауруханасындағы тексеруі Facebook желісінде тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі BNews.kz порталына сілтеме жасап.

Бір тәулік ішінде №2 балалар ауруханасына шамамен 400 адам көмекке жүгінеді. Мамандардың айтуынша, олардың тек 30%-ы ғана медицина мекемесіне жедел жәрдем көлігімен жеткізіледі екен. Тексеру барысында ДСМ басшысы хирургтермен, УДЗ мамандарымен және травматологтармен әңгімелесті.

Түнгі тексеру барысында Біртанов аурухана басшылығын жұмыстарды төмен деңгейде ұйымдастырғаны үшін қатты сынап, заңнаманың бұзылып отырғаны туралы ескертті және бірқатар тапсырма, соның ішінде, медицина қызметкерлерінің сыртқы түріне қатысты нұсқау берді.

«Мұнда балалар жатады емес пе. Барлығын ретке келтіруге болады ғой. Бұған дейін шағымдар да болды. Талап қою керек. Сыртқы түрлері көшедегі кезбелер секілді. Ұят қой. Мұнда көбіне зейнеттегілер жұмысқа орналастырылғанын білемін. Бірақ бұл балалар ауруханасы. Сыртқы келбет тартымды болуы керек. Тура бір қойма күзетшілері секілді», – деп ескертті Біртанов.

Тексеру қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі дәрігерлерді жақсы жұмыс көрсетуге, халық тарапынан сынға ұшырамауға шақырды.

«Бір ғана жағдай орын алса, бәрі босқа кетеді. Ешкім сіздердің жұмыстарыңызды көрмейді де», – деді Біртанов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир