|
09.08.2018 | 15:53
1900

WhatsАpp-та «Синий кит» ойынының баламасы пайда болды

WhatsАpp-та «Синий кит» ойынының баламасы пайда болды

Әлем бойынша балалар мен жасөспірімдерге қауіп төндіретін «Синий кит» сияқты Момо ойыны пайда болды және ол WhatsАpp мессенджері арқылы таралуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Өзге суицидтік ойындар сияқты мұнда да балаларға түрлі бұйрықтардың жинағы жіберіліп отырады. Егер жасөспірімдер қорқынышты ойынға қатысудан бас тартса оларға қоқан-лоққығы толы хаттар келе бастайды. Мұның барлығы «Синий кит» танымал ойынын еске түсіреді.

Оның үстіне көпшілікті МОМО есімді бір түрлі қолданушы қорқытады. Ол аватарына жапондық мүсінші салған суретті қойған. Белгісіз жан балаларға бастапқыда зорлық-зомбылық бейнеленген суретті жібереді, одан кейін «соны ойнауға» бұйрық береді.

Әрине, көптеген бала мұндай ойынға қатысудан бас тартады, сол кезде анонимді куратор қоқан-лоққы көрсетіп, қорқытады. Бұл ойынды ойнаған адамдардың өзіне қол жұмсау деңгейі орташа көрсеткіштен жоғары екендігі дәлелденген. Мексика билігі бұл іс бойынша бірінші болып дабыл қаққан. Киберқылмыспен күрес жөніндегі қызметкерлер whatsАpp арқылы тарайтын бұл ойынның кураторларын құрықтау үшін бар күшін салуда.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир