Алматыда отандық өнімдер жәрмеңкесі өтті

Алматыда отандық өнімдер жәрмеңкесі өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда отандық тауарлардың жәрмеңкесі өтті. Осымен екінші рет өткізіліп отырған шараға Қазақстанның әр өңірінен кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынған.

Мұндай жаппай сатылым  алдымен отандық өнімді халыққа кеңінен танытуға мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар. Кәсіпкерлер мемлекет тарапынан қолдаудың жоғары деңгейде болып жатқанын жеткізді. Ал екінші деңгейлі банктер несие берерде уақытты тым созатынын айтады.

«Мұндай жәрмеңке өзімізді кеңінен танытуға және өз брендімізді дамытуға септігін тигізеді. Сондықтан Астанадан арнайы келдік. Біздің нарыққа шыққанымызға 2 жыл болды. Сұйық шоколад өндіреміз. Кәсібімізді бастарда кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» қоры жақсы көмектесті. Ал банктен несие аларда біраз қиындықтар туғаны рас», – деді кәсіпкер Алтынай РЫСҚҰЛОВА.

Новости партнеров