Алматылықтардың күнделікті тұтынатын өнім сапасына көңілдері толмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда сауда орындарында сатылатын азық-түлік өнімдеріне шағым түсірушілер көбейген. Былтыр Ұлттық тұтынушылар лигасына 60 мың азамат жүгінген. Оның басым бөлігі күнделікті тұтынатын өнім сапасына арызданған. Мамандар азаматтардан көп шағым түскен сауда орындарын тексере бастады.
Тұтынатын тамақтың сапасы төмен, салмағына бағасы сәйкеспегендіктен ірі дүкен желілерінің жұмысына шағым айтқан тұтынушылар саны тек былтырдың өзінде 60 мың адамға жектен. Соның ішінде 70 пайызы күнделікті тұтынатын өнімге арызданған. Тұрғындардың көзін алдаған жайттар жиілеп кеткен соң, тұтынушылар құқығын қорғаушылар сөрелерді сүзіп, саптағы самсаған өнімдерді тексеріп жатыр.
«Мерзімі өткен өнім, шіріген көкөніс жəне санитарлық талап сақтамау. Тауардың көрсетілген салмаққа сай болмауы сауда орнынан осындай олқылықтар анықтадық. Оны жоюға уақыт бергенбіз. Алайда, тексеру барысында бəрі сол қалпында екеніне көз жеткіздік. Енді тиісті орындарға хабарлаймыз»,-деді «Ұлттық тұтынушылар лигасы» РҚБ басқарма төрайымы, Светлана РОМАНОВСКАЯ.
Мамандар алдағы уақытта өзге де сауда орындарын жаппай тексермек. Азаматтардың шағымы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаменті де дүкен сөрелеріндегі өнімдерді қарап шыққан. Сүт өнімдерінде түрлі бактериялар анықталған. Ол түрлі ішек ауруларына алып келеді. Нан өнімдерімнен түрлі қоспалар табылыпты.
«Көп шағым түскен сауда орындарының басшылары бір айдың ішінде олқылықты жойып, тапсырманы орындауы тиіс. Халыққа белгілі ірі супермаркеттің басшылары қате жібергендін білседе, сауда орындарының атын көрсетуге қарсы шықты»,-деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бөлімінің басшысы, Әнел МҰСАЕВА.
Алматыда 3500-ден аса сауда орны бар. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тұрғындардың шағымы бойынша соның ішінде 250-не тексеру жүргізген. Арыз расталған жағдайда, кәсіпкерге айыппұл салынады. Тіпті жұмысын уақытша тоқтатуына тура келеді.
Перизат Көмекбайқызы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
05.09.2026 14:47
Өзіңізге сый жасап үйреніңіз: 5 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
05.09.2026 12:03
Дәрігерлер шайды қашан ішу керек екенін айтты
06.09.2026 12:42
5 қыркүйекте Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
05.09.2026 10:20
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
06.09.2026 15:56