Алматының коммуналшылары 3 мың текше метрге жуық қар шығарды

Алматының коммуналшылары 3 мың текше метрге жуық қар шығарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы ақ ұлпаға оранды. Қала коммуналшылары 2 күннің ішінде 3 мың текше метрге жуық қар шығарыпты. Жолдарды қардан арылтуға 500-ден астам техника мен 2 жарым мыңға тарта жұмысшы тартылған. Сонымен қатар, көктайғақтың алдын алу үшін көшелер мен тратуарларға қиыршық тастар мен техникалық тұз себілуде. Ара-кідік жауған қардың қалыңдығы шаһар ішінде 7 см-ге жетіпті. 

Алматыға қар жауа салысымен, қаланың коммуналдық қызметі арнайы техникалармен көшелерді тазалады. Бұған әкімшілік полиция қызметкерлері де жұмылдырылыпты. Бір түннің ішінде мегаполистен 540 текше метр ақұлпа шығарылған.   

«Алматы қаласының аумағында магистральді көшелермен аудандық көшелермен арнайы автокалоналар ұйымдастырылды. Оның ішінде біздің арнайы техникаларымыз жолдың бетіне түскен қарды күреу жұмыстарын жүргізді. Оны қалалық ішкі істер басқармасымен бірігіп, түнгі уақытта қала тұрғындары мен қала қонақтарының ыңғайлылығы үшін ол жұмыстар ¤түнгі уақытта жүргізілді»,-деді Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлім басшысы, Алмасбек ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Қалада алдымен магистральді көшелер, кейін орталықтың, соңында шаһардың шеткі аудандарындағы жолдар тазартылған. Коммуналшылар биыл сатып алынған су жаңа техникаларды да қолданып бастадық дейді.  

Смарт техника шетелден жеткізілген. Дәл осындайдың биыл Алматыға 16-сы сатып алыныпты. Көпфункционалды машина саябақтарды, жүргінші жолдарын, демалыс орындарын тазалуға арналған. Өйткені, мұның алдындағы жабдық, төселген тасқа зақым келтірмейді. Сонымен қатар, коммуналшылар мұні жазда да пайдаланамыз деп отыр. Ол кезде мына құрылғының орнына сыпыртқы, ал, артына су құятын ыдыс орнатылады.  

Тазалыққа жауаптылардың сөзінше, техникалар кейбір көше бойында еркін жүре алмайды екен. Өйткені, жол жиегіне қаңтарылған көліктер кедергі келтіретін көрінеді. Ал, қала жолдарының мұнтаздай тазаланып жатқанына тұрғындар дән риза. Айтуларынша коммуналшылар өз жұмыстарын тиянатқы істейді екен.

Айта кетейік, биыл қар тазалайтын 93 су жаңа техника шетелден сатып алынған. Басым бөлігі смарт жабдықтар екен. Яғни, жазда да қолдануға болатын құрылғылар. Сонымен қатар, осы қыста көктайғақтың алдын-алу үшін 70 мың тонна қиыршық тас, 14 мың тонна техникалық тұз дайындалыпты. 

Өмір Әнуарбек, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров