Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев неміс бизнесмендерімен кездесті. Бағаналы бас ордада болған босқосуда қос елдің сауда-саттық жайы, кәсіпкерлер арасындағы ымыра сөз етілді. Қазақстан басшысы мықты құраммен келген неміс делегациясына алғыс білдіріп, биыл қазан айында Сочи қаласында өткен кездесудің жемісті болғанын айтты. Ол кезде президент Германия Федеративтік Республикасының іскер топ өкілдерімен жолыққан еді.
«Біз неміс компанияларына Қазақстанның сирек кездесетін метал түрлері шоғырланған аумақтарда жұмыс істеулеріне мүмкіндік бердік. Қазір елімізде шетелдік ондай ұйымдардың саны бірте көбейіп келеді»,-деді Қазақстан Республикасының Президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Қазақ жеріне келген шетелдік меймандар да мұндай кездесулердің мән-маңызы зор екенін айтты. Олар қос ел арасындағы алыс-беріс көлемі жыл сайын ұлғайып жатқанын тілге тиек етті.
«Қазақстан мен Германия арасында қарқынды экономикалық қарым-қатынас орнады. Оның дамуы 2017 жылы оң нәтиже көрсетіп отыр. Бұл ретте, Германияға Қазақстаннан келетін импорттың көлемі артып келе жатқанын атап өткен жөн»,-деді Германия экономикасы шығыс комитетінің төрағасы, Вольфганг БЮХЕЛЕ.