Астанада ІІМ басқармасының басшысы парамен ұсталды

Астанада ІІМ басқармасының басшысы парамен ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада Ішкі істер министрлігіне қарасты басқарма басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталды.

Көліктегі Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізетін бөлімнің бастығы лауазымды тұлғаны қылмыстық жауапкерішіліктен босатып, «қамқорлығы» үшін 50 мың АҚШ долларын сұраған.

Келісілген соманың 11,5 миллион теңгесін алып жатқан парақор басшыны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері құрықтаған. Күдікті Астана қаласының Ішкі істер департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.  

«Ұстау барысында ол Ұлттық бюро департаментінің Жедел департаменті қызметкерінің автокөлігін соғып, қарсылық танытқан және бой тасалауға әрекет жасаған», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна БАСТАРОВА.


Новости партнеров