Биыл Тимирязев көшесінде BRT желісі пайда болады

Биыл Тимирязев көшесінде BRT желісі пайда болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Биыл Тимирязев көшесінде BRT желісі пайда болады.
Бұл автобустармен қатар жеңіл көліктердің де кептеліссіз қозғалуына мүмкіндік туғызбақ.
Мәселен, Тимирязев көшесі бұған дейін де 4 жолақты болатын. Қазір де жолақтардың саны қысқарған жоқ, тек автобустар мен жеңіл көліктер енді бір-біріне мүлдем кедергі келтірмейді.
Тимирязев көшесімен күн сайын 12 бағытқа – автобустар, 4 бағытқа троллейбустар қатынайды.  BRT енгізілгеннен кейін қоғамдық көлікті пайдалану уақыты 14 минутқа қысқарады.
Күнделікті жолаушылар легі 40%-ға артып, 98-ден 145 мың адамға жетеді. Биыл Алматыда барлығы 8,7 км BRT желісі іске қосылып, автобустардың қозғалысы 53-тен 36 минутқа дейін қысқарады. Жаңа жолақпен сыйымдылығы үлкен автобустар жүретін болады.
BRT желілері қоғамдық көлік қозғалысын жеделдетіп, көлік кептелісі мен ретсіз тұрақтарды реттейді. 
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, BRT желісі енгізілген көшелерде жол апаттары 50%-ға төмендеген. Қазір көше бойындағы заңсыз құрылыстар сырылып, арықтар мен веложолдар қайта жөнделуде.
Жеңіл автокөліктер де ұмыт қалмайды. BRT дәлізінен алынатын автомобильдер үшін барлық жағдайлар жасалады.

Новости партнеров