Семіздік: денсаулықты қалай дұрыс сақтау керек?

Семіздік: денсаулықты қалай дұрыс сақтау керек?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық тур агенттіктер шетел асып демалатындарға лицензиялардың азайып бара жатқаны туралы ескерту жасады. Осы күнге дейін еліміз бойынша мың жарымға жуық жолдама сатылып кетіпті. Ал республика аумағында туризм бойынша небәрі 500 компания ғана сенімді жұмыс істейді. Қалғандары бірнеше есе қымбат сатады, немесе алаяқтыққа барады. Мәселен, тур фирма өкілдері "толық адамдарды" арықтататын теңізге апарамын деп алдайтын көрінеді. Себебі, жағажайда демалуға артық салмақ пен семіздік те кедергісін келтіріп жатады. Осы тұста диета ұстаймын дегендер, түрлі дәрілер қабылдап, денесіне шамадан тыс ауыртпашылық салады екен. Нәтижесінде - ауруханадан бірақ шығатындар көп. Осы орайда денсаулыққа зиян келтірмей, денені әдемі ұстауды Өмір Әнуарбек студияға келіп түсіндіріп бермек. Өмір, артық салмақтан арылудың тиімді тұстары қандай?

Тоғжан, негізі қалаған тағам түрін тұтынып, ешқандай артық салмақ қоспау - кез келген жанның арманы десек болады. Әсіресе, қыздардың. Осы ретте мен, салауатты өмір салтын ұстанып жүрген Алматылық Дарья Нестеровадан бастасам деп тұрмын. 23 жастағы бойжеткен жақында 23 тонналық трамвайды, 50 жолаушысымен орнынан қозғады. Ертесіне бейнеролик әлеуметтік желіде тарады. Дарья бір күннің ішінде атақты болып шағы келді. Ал өзі болса, мұндай қойылым, салауатты өмір салтына қызығушылығымды арттырады,-дейді.

« Кейбіреулер ауыр темірлерді көтеріп, енді бірі пауэрлифтингтен рекорд орнатқанды жандары жақсы көреді. Ал, маған көбіне адреналин алатын заттар ұнайды. Мен істеген зат әркімнің қолынан келе бермейтін ерлік. Әрине, мұнда жаттықтырушымның да еңбегі зор. Ол кісіге алғысымды білдіремін»,-деді спортшы Дарья НЕСТЕРОВА.

Осы рекордты орнатқаннан кейін Дарьяға түрлі хабарламалар келіп түсе бастаған. Барлығының сұрағы бір - артық салмақтан арылып, салауатты өмір салтын қалай ұстануға болады? Дәл осы сұрақты біз де қойдық. Сарапшылар артық салмақтан арылуды мамыр айында емес, 3 ай бұрын қолға алу керек,-дейді. Мәселен, биыл жаз маусымы рамазан айынан бсталды. Диетологтар уақытша тамақтан бас тартуды пайдалы дейді.

«Ораза ұстап, салмақ тастағандарды көзім көрді. Ол да дұрыс. Бір жағынан, адамның ішкі құрылысы тазарады. Екіншіден, парызын өтейді. Бірақ, мұндай диетаны уақытша ұстаған жөн»,-деді диетологТалғат АҚБЕРГЕН.

Біріншіден, тәтті мен нан өнімдерінен бас тартқан жөн дейді мамандар. Сарапшылардың сөзінше, тез дайындалатын фаст-фуд, чипсы, шоколад, газдалған тәтті сусындардың пайдасы жоқ. Осы тағам түрлерін тұтынғандар арықтамайды, есесіне тез шаршап қалады екен. Жейтін тамақтың көлемін азайту да көмектеспейді. Дәрігерлер оның сапасын жақсарту керектігін айтады. Көбіне көкөніс пен жеміс-жидек жеген дұрыс. Сонымен қатар, күніне кем дегенде 2 литр су ішу қажет. Диетологтар, тұрақты түрде дұрыс тамақтану керектігін алға тартады.

«Бал, кокос, лимон, сарымсақ, қызанақ, грейпфрут осы жеміс-жидектердің адамның ашықпай және физикалық пішінін сақтай отырып артық салмақтан арылуына көмектеседі. Сонымен қатар, денедегі майларды ыдыратуға, адам ағзасындағы метаболикалық процестерді жеделдетуге, сондай-ақ, оны барлық қажетті заттармен қанықтыруға септігін тигізеді»,-деді медицина ғылымдарының докторы, иммуннолог Мира ПАНОВА.

Жеміс-жидектерде май жоқ, бірақ оларда көптеген дәрумендер мен өзектер бар, сондықтан күніне бір-екі жеміс-жидек жесеңіз, қарныңызды тойдырасыз. Осылай аштық сезімінен арыласыз. Бұдан басқа онда пайдалы көмірсулар бар, олар арықтауға еш кедергін келтірмейді, керісінше заттектердің алмасуына өте жақсы септеседі екен.  Ал дәрігерлер, демалысқа билет алып қойғандарға, 2 апта бұрын қатаң түрде диета ұстауға кеңес береді.

«Мен тез арада арықтағысы келетіндерге, өз-өздеріне уақытша аштық жариялағандары дұрыс. Тек су ішкен жөн. Нәтижесі бірнеше күннің ішінде көрінеді. Немесе, күн ара ораза ұстаған жөн. Бірақ, сұйықтық көп ішу керек»,-деді медицина ғылымдарының докторы, иммуннолог Мира ПАНОВА.

Артық салмақтан арылу үшін 3 ай қажет. Осы уақыт аралығында небәрі 4-5 килограм салмақ тастайсыз. Ал, денені қалыпқа келтіру үшін, фитнес залға бару керек екен. Жаттықтырушымен жұмыс жасаған жөн. Сонда ғана, нәтиже береді дейді мамандар.

«Жаттығу залына түрлі адамдар келеді. Екі аптаның ішінде артық салмақ тастап, бұлшық еттерімді шығарам дейтіндер кездеседі. Әсіресе, қыздармен жұмыс істеген қиындау. Өйткені олар еркелеу болады. Ал, ер кісілер өздері үшін жаттығады. Денені қалыпқа келтіру үшін кемінде 3 ай уақыт қажет. Негізі, жыл он екі ай спортпен шұғылданған дұрыс»,-деді жаттықтырушы Андрей БАТЫРЕВ.

Жаттықтырушының сөзінше, қыздар көбінесе жалқау болады екен. Бірақ, айнаның алдына келгенде өздері-ақ, берілген тапсырманы орындап кетеді. Фитнес залдарға көбіне 18 бен 55 жас аралығындағы адамдар барады. Барлығының мақсаты - арықтау және денені бір қалыпта ұстау.  Алайда, шамадан тыс, асығып жасалған фитнес залындағы жаттығу денсаулыққа зиян келтіреді. Сондықтан, жаттықтырушының нұсқауымен ғана спортпен шұғылданған дұрыс.

Тоғжан: Сонда түрлі компаниялардың арықтауға арналған препарадтары көмектеспей ме

Тожан, тәжірибе көрсеткендей дәрі ішіп, артық салмақтан арылам деген жаңсақ пікір. Ол тек уақытша нәтиже береді. Сондықтан ең дұрысы салауатты өмір салтын әрдайым ұстанып жүрген абзал. Диетологтар осылай дейді.


Новости партнеров